TikTok LogoTikTok Logo
«Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылық стандарттары

«Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылық стандарттары

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

«Ұсыныстар» арнасы — пайдаланушыларды контент, авторлар және тақырыптардың кең ауқымымен таныстыру үшін жекелендірілген ұсыныстар жүйесін пайдаланатын бірегей TikTok функциясы. Ұсынылатын контентті таңдау кезінде жүйе лүпілдер, бөлісу, пікірлер, іздеу әрекеттері, контенттің алуантүрлілігі және танымал видеолар сияқты факторларды есепке алады. Біздің ұсыныстар жүйеміз, сондай-ақ ұсыныстарды реттеуге көмектесетін құралдар туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Контенттің белгілі бір түрлерін кей-кейде көріп тұрған ыңғайлы, бірақ олар тым көп мөлшерде көрсетілсе, бұл жайсыздық тудыруы мүмкін. Оған диета, экстремалды жаттығу, сексуалды тұспалдар, мұң (мысалы, үмітсіздік туралы мәлімдемелер немесе мұңды дәйексөздерді бөлісу) және психикалық денсаулық туралы тым жалпылама ақпарат (мысалы, біреуге диагноз қояды деп мәлімделген тесттер) сияқты контент кіреді. Мұндай контент түрі «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамды болуы мүмкін, бірақ оның тым жиі көрсетілмеуін қадағалау үшін қайталанатын контент үлгілерін үзіп отырамыз. Біздің ұсыныстарды қорғау және әртараптандыруға қатысты көзқарасымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Біздің контенттің «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылығына қатысты ұстанатын стандарттарымыз қауіпсіздікті бірінші орынға қояды және қауымдастық пен мәдени тәжірибелердің алуантүрлілігіне негізделеді. «Ұсыныстар» арнасының кенеттігі TikTok-ты бірегей етеді, дегенмен ол жасөспірімдерден бастап ата-әжелерімізге дейінгі барлық пайдаланушыларды қамтитын кең ауқымды аудиторияға арналған. Біз кең аудитория үшін жарамсыз болуы мүмкін кейбір контентті «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз етеміз және сондай-ақ іздегенде табылуын қиындатуымыз мүмкін.

Біз «Ұсыныстар» арнасы үлкен аудиторияға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсінеміз, бірақ ол кейбір жас балалар үшін жарай бермеуі мүмкін. Біз 16 жасқа толмаған пайдаланушы жасаған контентті «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз етеміз.

«Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контентті басқа да жолдармен табуға болады (мысалы, іздеу құралдары немесе аккаунтқа жазылу арқылы). Видеоның көру саны онша көп болмаса, оның себебі «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болғаны үшін емес, қауымдастықтың төмен белсенділігіне байланысты болуы мүмкін. Видеолардың өнімділігін қадағалау үшін TikTok талдау құралын пайдалануға болады.

Ережелерді оқу барысында сіз «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылық стандарттарын көретін боласыз. Төменде «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контент бойынша «қысқаша жиынтық нұсқаулық» берілген.

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі және әл-ауқаты

  • 16 жасқа толмаған пайдаланушы аккаунтында жасалған кез келген контент

Ғадауат тілі және өшпенділік білдіру

  • Қорғалған топтарды жанама түрде кемсітуі мүмкін стереотиптерді, тұспалдарды немесе жанама мәлімдемелерді пайдаланатын кейбір контент

Тамақтану үлгісінің бұзылуы және денені қабылдау

  • Салмақты түзетуге қатысты зиянды болуы мүмкін мінез-құлықты сипаттау, насихаттау, оны үйретуді ұсыну немесе сұрау, соның ішінде:
    • Шектеулі төмен калориялы диеталар, мысалы, ұзақ мерзімді интервалдық ашығу
    • Салмақ тастау немесе бұлшықет жинау үшін дәрі-дәрмектерді немесе биологиялық белсенді қоспаларды (мысалы, анаболикалық стероидтер) пайдалану
    • Салмақты жылдам әрі елеулі түрде тастауға арналған жаттығулар (мысалы, бір апта ішінде беліңіз қылдай болады деген уәде беретін кардиожаттығулар)
  • Салмақ тастауға немесе бұлшықет жинауға көмектесетін өнімдерді жарнамалау (мысалы, «дейінгі» және «кейінгі» трансформацияларды бөлісу)
  • Салмақты түзетуге қатысты зиянды болуы мүмкін мінез-құлықпен байланысты дене бітімінің түрлерін мінсіз немесе ойдағыдай етіп көрсету
  • Қауіп-қатер туралы ескертулері жоқ пластикалық операцияны, соның ішінде «дейін» және «кейін» кескіндерін, хирургиялық процедуралардың видеоларын және жоспарлы пластикалық операцияны талқылайтын хабарларды көрсету немесе насихаттау

Қауіпті іс-әрекеттер мен челлендждер

  • Көрінетін немесе тікелей орташа физикалық зақым келтіретін іс-әрекеттерді көрсету немесе орташа физикалық зақымға алып келуі мүмкін іс-әрекеттерді насихаттау

Жалаңаш дене және жалаңаштану

  • Ересектердің жартылай жалаңаш денесін көрсету (мысалы, тек омырау ұшына жапсырма тағу немесе бөксенің көп бөлігін жауып тұрмайтын іш киім кию)
  • Декольтесі айтарлықтай ашық киім немесе нақты бір интимдік дене бөліктерінің (жыныс мүшелері және омырау ұшы) контурын көрсетіп тұратын киім киген жасөспірімдерді көрсету
  • Денесі жасырын жалаңаш немесе бөксесі жартылай ашық нәрестелер мен бүлдіршіндерді (4 жасқа дейінгі) көрсету

Сексуалды сипаттағы контент

  • Ересектердің интимдік сүйісуге, сексуалды кадрларға немесе сексуалды мінез-құлыққа қатысуын көрсету
  • Интимдік тауарларды көрсету

Түршіктіретін және қолайсыз контент

  • Мыналарды көрсету:
    • Адам немесе жануардың қаны
    • Қатыгез физикалық күрес
    • Көру қоғам мүддесінде болатын оқиғалардың қолайсыз немесе үрейлі болуы мүмкін кадрлары (мысалы, құқық қорғау органдарымен қақтығыстар немесе бомбалау немесе дүлей апаттардың салдарлары)
    • Жасанды зорлық-зомбылық көрінісі
    • Алаңдаушылық немесе қорқыныш тудыруы мүмкін ықтимал үрейлі материалдар (мысалы, қатты емес жарақаттар мен жазатайым оқиғалар, өлі жануарлар, үркітетін әсерлер немесе қанды грим)
    • Жиіркенушілікті тудыруы мүмкін аздап қолайсыз материалдар, соның ішінде адам немесе жануар денесінің функциялары мен сұйықтықтары (мысалы, несеп және құсық) және дене мүшелері мен белгілі бір жануарлардың (мысалы, жәндіктер немесе егеуқұйрықтар) ұлғайтылтан кескіндері

Жалған ақпарат

  • Негізсіз және белгілі бір оқиғаларды немесе жағдайларды құпия немесе ықпалды топтар (мысалы, «мемлекет» немесе «құпия қоғам») жасады деп мәлімдейтін конспирологиялық теориялар
  • Денсаулыққа орташа зиян келтіретін жалған ақпарат (мысалы, жеңіл ауруды емдеу бойынша дәлелденбеген кеңес)
  • Қайта профильденген медиа (мысалы, музыкалық концерттегі жұртты саяси протест сияқты етіп көрсету)
  • Сенімді дереккөздерді бұрмалау (мысалы, зерттеу нәтижелеріне қайшы келетін тұжырымды қолдау үшін белгілі бір ғылыми деректерге іріктемелі сілтеме жасау)
  • Төтенше жағдайға немесе болып жатқан оқиғаға қатысты расталмаған мәлімдемелер
  • Фактілерді тексеру процесіндегі аса зиянды болуы мүмкін жалған ақпарат

Азаматтық істер және сайлау адалдығы

  • Сайлау туралы расталмаған мәлімдемелер (мысалы, барлық бюллетеньдер саналды деген алдын ала мәлімдеме)
  • Сенімді азаматтық ақпаратты айтарлықтай бұрмалайтын мәлімдемелер (мысалы, парламенттік заң жобасының мәтіні туралы жалған мәлімдеме)

Жасанды белсенділік

  • Сыйлықтарды немесе белсенділік көрсеткіштерін арттыру мақсатында басқа пайдаланушыларды алдайтын немесе манипуляциялайтын контент (мысалы, «лүпілге лүпіл» қою туралы уәде беру немесе контентпен өзара әрекеттесуге басқа жалған ынталандырмалар)

Түпнұсқа емес контент

  • Жаңа немесе шығармашыл өңдеусіз импортталған немесе жүктеп салынған көшірмеленген немесе түпнұсқа емес контент (мысалы, біреудің су таңбасы немесе қабаттастырылған логотипі көрінетін контент)
  • Төмен сапалы контент (мысалы, тым қысқа клиптер немесе тек GIF-терден тұратын видеолар)

Құмар ойындар

  • Құмар ойындарды немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттерді (мысалы, біреудің құмар ойын ойнап жатқанын түсіру немесе құмар ойындар туралы жалпы позитивті мәлімдемелер жасау) көрсету немесе мадақтау

Алкоголь, темекі және есірткі

  • Есірткіні немесе басқа реттелетін заттарды талқылау (заттар пайдаланылмаса немесе көрсетілмесе)
  • Темекі өнімдерін насихаттау
  • Ересектердің алкогольді тым артық мөлшерде тұтынуын көрсету

Коммерциялық ақпаратты жариялау және ақылы жарнамалау

  • Контент түрі туралы белгі арқылы жарияланбаған маркетингтік контент

TikTok-тағы тікелей трансляциялар

  • Ең бірінші кезекте адамдарды платформадан тыс бағыттауды көздейтін тікелей трансляция контенті
  • «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз тікелей трансляция контенті, соның ішінде бірнеше қонақ қатысатын тікелей трансляцияның қонағы бөліскен контент

Қосымша ақпарат

Қорғалған топтар — ортақ қорғалатын сипаттамалары бар жеке тұлғалар немесе қауымдастықтар.

Салмақты зиянды болуы мүмкін әдістермен түзету дегеніміз салмақты тез немесе бірден тастау үшін пайдаланылатын және ұзақ мерзімді болашақта денсаулыққа немесе әл-ауқатқа қауіп төндіруі мүмкін диеталар, дәрі-дәрмектер немесе жаттығуларды білдіреді.

Орташа физикалық зақым — кәсіби медициналық көмекті қажет ете қоймайтын және мүгедектік немесе кемістік қаупін төндірмейтін зақым. Оған минималды қан жоғалтуы орын алған шағын тіліктер және денедегі кішігірім көгерген жерлер кіреді.

Интимдік дене бөліктері жыныс мүшелерін, бөксені және омырауды (омырау ұшы мен ареоламен қоса) білдіреді.

Жартылай жалаңаштық дегеніміз дененің көп бөлігінің киімсіз және жалаңаш сияқты (бірақ шын мәнінде жалаңаш емес) болып көрсетілуін білдіреді (мысалы, жасырын жалаңаштық немесе дененің интимдік бөліктерін сәл ғана жауып тұратын киімдерді кию).

Интимдік сүйісу жыныстық қозу немесе жыныстық қатынастың басталу белгілері бар сүйісуді білдіреді.

Сексуалды кадрлар жабық интимдік дене бөліктерін видеоға түсіру, өңдеу немесе камера алдында денені түрлі позада көрсету арқылы арнайы назар аудартатын контентті білдіреді.

Сексуалды мінез-құлық жыныстық қозуды көздейтін мінез-құлықты, соның ішінде интимдік дене бөліктеріне назар аудартатын және жыныстық қатынасты имитациялайтын көріністерді немесе қайталамалы дене қозғалыстарын білдіреді.

Интимдік тауар жыныстық ләззат алу үшін пайдалануға арналған зат немесе құрылғыны (мысалы, секс ойыншық) білдіреді.

Жалған ақпарат жалған немесе жаңылдыратын контентті білдіреді.

Денсаулыққа орташа зиян келтіретін жалған ақпарат дегеніміз емдеуге қатысты, сондай-ақ шұғыл емес немесе өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттардың, күйлердің немесе сырқаттардың алдын алуға қатысты жалған немесе жаңылыстырушы контентті білдіреді.

Конспирологиялық теориялар дегеніміз түсіндірілмейтін оқиғалар туралы көзқарастарды білдіреді немесе оқиғалардың жалпы мойындалған түсіндірмелерін қабылдамауды, соның ішінде оларды құпия немесе ықпалды тұлғалар немесе топтар жасады деген болжамдарды білдіреді.

Қайта профильденген медиа дегеніміз өңделмеген және контекстен тыс берілген, сондай-ақ адамдарды қоғамдық маңыздылығы бар өзекті тақырып жөнінде жаңылыстыруға әкелуі мүмкін медиа контентін білдіреді.

Бұрмаланған сенімді дереккөздер дегеніміз мойындалған және сенімді ақпаратқа (мысалы, зерттеу институттарының есептері) қатысты жаңылыстырушы корреляциялар немесе қорытындылар жасауға насихаттайтын контентті білдіреді.

Құмар ойындар — қаржылық пайда табу мақсатында нәтижесі белгісіз оқиғаға ақшаны (соның ішінде биткоин сияқты цифрлық валюталар) немесе ақшалай құндылығы бар өзге нәрселерді тігу.

Құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттер құмар ойындар деңгейіне жетпейтін, бірақ әсері мен қауіптері жағынан соларға ұқсайтын іс-әрекеттерді білдіреді (мысалы, әлеуметтік казинолар және құмар ойындарға қатысты бағдарламалық жасақтама).

Темекі өнімдеріне вейпинг өнімдері, түтінсіз немесе дәстүрлі темекі өнімдері, синтетикалық никотин өнімдері, электронды сигареттер және никотинді жеткізудің басқа да электронды жүйелері жатады.

Реттелетін заттарға рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектер, рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер, сығымдалған ауасы бар баллондар (азот тотығы) және нитритті попперстер жатады.