TikTok LogoTikTok Logo
Қауымдастық қағидалары

Қауымдастық қағидалары

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

TikTok-та біз адам құқықтарына қатысты міндеттемемізге және қауіпсіздікке негізделген сегіз қауымдастық қағидасын басшылыққа аламыз. Біз күнделікті жұмысымызда да, күрделі құқық қорғау шешімдерін қолданғанда да осы қағидаларға сүйенеміз. Бұл қағидалар мына тақырыптарға бағытталған:

  • Зиян келтіруге жол бермеу және сөз бостандығы арасында тепе-теңдікті ұстап тұру
  • Адам абыройын мойындау
  • Іс-әрекеттеріміздің әділеттілігіне сенімді болу

Біз кейбір жағдайда бұл қағидалардың бір-біріне қарама-қайшы келетінін түсінеміз және қайсысына басымдық беру керектігін мұқият шешеміз. Мұндай шешімдер халықаралық құқықтық негіздерге және салалық тәжірибеге, соның ішінде БҰҰ-ның Кәсіпкерлік қызметтің адам құқықтары тұрғысындағы басшылыққа алынатын қағидаларына, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билльге, Балалар құқығы туралы конвенцияға және Санта-Клара қағидаларына негізделеді. Сондай-ақ біз қауымдастықтың, қауіпсіздік және қоғамдық денсаулық жөніндегі сарапшылардың және Кеңес беру қызметтерінің көмегіне жүгінеміз.

  1. Зиян келтіруге жол бермеу: Біздің басты мақсатымыз — TikTok-ты қуаныш сыйлайтын қауіпсіз орын ету. Біздің әртүрлілігімен ерекшеленетін қауымдастығымызға контент немесе мінез-құлық алуан түрлі жолмен әсер етеді. Олардың қатарына жеке физикалық, психологиялық, қаржылық және құпиялылыққа қатысты зияндар, сондай-ақ қоғамдық зияндар кіреді. Өзін-өзі емін-еркін танытумен дәл тепе-теңдікті ұстап тұру үшін біз контентті тек қажет болған жағдайда және сөз бостандығына әсері мейлінше аз болатындай жолмен шектейміз.
  2. Сөз бостандығын қамтамасыз ету: Біздің екпінді қауымдастығымызды сөз бостандығының арқасында туындаған шығармашылық нәрлендіреді. Біз бұл қағиданы платформада емін-еркін бөлісу мүмкіндігін қамтамасыз ету және сонымен қатар басқа адамдардың пікір айтуына кедергі келтіретін мінез-құлықпен белсенді түрде күресу арқылы қолдаймыз. Алайда сөз бостандығы шексіз құқықты білдірмейді — оған пропорционалды ықтимал зиянды да ескеру керек.Сондай-ақ сөз бостандығы «Ұсыныстар» арнасында ұсынылатын контентке қолданылмайды.
  3. Мәдениеттілікке ынталандыру: Мәдениеттілік адамдар арасында сыйластық туғызады және қауымдастықтардың дамуына көмектеседі. Желідегі кейбір іс-әрекеттеріміз басқа пайдаланушылармен жайлы қарым-қатынасқа теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан TikTok-та мәдениеттілік таныту миссиямызды орындауда маңызды рөл ойнайды. Бұл дегеніміз әрбір адамның туа біткен абыройын мойындау және өзімізді шын өмірде бетпе-бет кездескендегідей ұстауды білдіреді. Сөз бостандығына жол беру үшін біз қоғам қайраткерлерін әлеуметтік сынға тартуда көбірек еркіндік береміз.
  4. Жергілікті контексті ескеру: TikTok — 150-ден астам елдегі миллиардтаған адамдың басын қосатын ортақ цифрлық кеңістік. Біздің ғаламдық көзқарасымыз алуан түрлі аймақтарда орын алатын зияндарды ескеретініне және халықаралық адам құқықтарының негізгі деңгейін сақтай отырып, ережелеріміздің аймақтарда қолдануға жарамды екеніне көз жеткізу үшін аймақтық сарапшылармен және жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс істейміз.
  5. Инклюзивтілік үшін күресу: Біз платформада бүкіл әлем бойынша әрбір адамды құшақ жая қарсы аламыз. Біз алуан түрлі мәдениеттерді, өзін-өзі анықтау тәсілдерін, сырт келбеттерді, көзқарастарды, қызығушылықтарды және тәжірибелерді бағалаймыз және құрметтейміз. Біз тарихи тұрғыда кейбір қауымдастықтардың қатысу мүмкіндігі шектеулі болғанын білеміз, сондықтан біз теңдік қағидасын қолдаймыз және маргиналданған топтарға көбірек тиетін зиянды азайтуға ұмтыламыз.
  6. Жеке құпиялылықты қорғау: Біз қауымдастығымыздың және платформадағы контентте көрінетін немесе талқыланатын жеке тұлғалардың құпиялылығын қорғау және құрметтеу міндетін өз мойнымызға аламыз. Біз платформада бөлісілген контент арқылы біреудің жеке ақпаратының жариялануына жол бермеуге және жеке өміріне қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
  7. Ашықтық пен жүйелілікті қамтамасыз ету: Біз ережелеріміз бен стандарттарымыздың мазмұны мен олардың қалай қолданылатынын әрбір пайдаланушының білгенін қалаймыз. Біз саясаттар мен тәжірибелерімізді анық жеткізуге, оларды жүйелі және әділетті жолмен қолдануға, сондай-ақ Ашықтық орталығында құқық қорғау іс-шараларымызды бөлісуге тырысамыз. Нұсқаулықтарда қай жағдайда жүйеліліктен гөрі басқа қағида (мысалы, жергілікті контекст немесе инклюзивтілік) басымдыққа ие болатыны анық түсіндірілген.
  8. Адал және әділ болу: Күн сайын миллиондаған контент бірлігін модерациялау қиын жұмыс, сондықтан оны сенімді процесс ұйымдастыру маңызды болып табылады. Біз бейтарап болуға, дәлелдерге сүйенуге, әділетті нәтижелерге қол жеткізуге, мәжбүрлемелі іс-әрекеттер туралы алдын ала ескертуге, сондай-ақ апелляция беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз.