TikTok LogoTikTok Logo
Бақыланатын тауарлар және коммерциялық қызмет

Бақыланатын тауарлар және коммерциялық қызмет

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

TikTok — бақыланатын тауарлар немесе коммерциялық қызметтер туралы ақпаратты бөлісуге немесе іздеуге болатын орын. Пайдаланушыларға шамадан тыс физикалық немесе қаржылық зиян келтіру тәуекелінсіз оқуға мүмкіндік беретін кеңістікті қамтамасыз ету үшін, біз тәуекелді, тәуелділік тудыруы мүмкін, қауіпті, алаяқтық болуы мүмкін немесе басқа да жоғары сақтық деңгейін талап ететін тауарлар мен қызметтерді қамтитын контентке модерация жүргіземіз. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге (мысалы, құмар ойындар және алкоголь) ақылы жарнамалар барлық тиісті жас шектеулеріне, заңнамаларға және ережелерге (біздің жарнама саясатымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз) сәйкес келген болса, біз жарнама берушілерге мұндай жарнамаларды TikTok-тың айқын рұқсатымен жариялауға рұқсат беру арқылы шектеулі ерекшеліктер жасаймыз.

Құмар ойындар

Бүкіл әлем бойынша көптеген адамдар құмар ойындар арқылы көңіл көтереді. Біз ақшаны ойынға немесе ұтысқа тігу кейбір адамдарға ықтимал зиян келтіруі, соның ішінде қаржылық шығындарға немесе психикалық денсаулыққа қатысты мәселелерге әкелуі мүмкін екенін түсінеміз. Біз құмар ойындарға немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттерге жағдай жасауға немесе маркетингісіне рұқсат бермейміз.

Сондай-ақ біз құмар ойындардың жас балаларға жоғары зиян келу қаупін төндіретінін және барлық аудиторияға жарамды болмауы мүмкін екенін түсінеміз. Егер контентте құмар ойындар немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттер көрсетілетін болса, мұндай контентке шектеу (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) қойылады және ол «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.

Қосымша ақпарат

Құмар ойындар — қаржылық пайда табу мақсатында нәтижесі белгісіз оқиғаға ақшаны (соның ішінде биткоин сияқты цифрлық валюталар) немесе ақшалай құндылығы бар өзге нәрселерді тігу.

Құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттер құмар ойындар деңгейіне жетпейтін, бірақ әсері мен қауіптері жағынан соларға ұқсайтын іс-әрекеттерді білдіреді (мысалы, әлеуметтік казинолар және құмар ойындарға қатысты бағдарламалық жасақтама).

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Құмар ойындарға немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттерге жағдай жасау (мысалы, құмар ойын қызметтіне сілтеме беру)
  • Құмар ойындар немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттер маркетингісі (мысалы, адамдарды веб-сайтқа кіруге шақыру немесе сілтеме беру)

ШЕКТЕУЛІ (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Құмар ойындарды немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттерді (мысалы, біреудің құмар ойын ойнап жатқанын түсіру немесе құмар ойындар туралы жалпы позитивті мәлімдемелер жасау) көрсету немесе мадақтау

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Құмар ойындарды немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттерді (мысалы, біреудің құмар ойын ойнап жатқанын түсіру немесе құмар ойындар туралы жалпы позитивті мәлімдемелер жасау) көрсету немесе мадақтау

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Барлық TikTok талаптарына және барлық тиісті жас шектеулеріне, заңдарға және нормаларға сәйкес келетін ақылы жарнама үшін шектеулі ерекшеліктер жасау.

Алкоголь, темекі және есірткі

Алкоголь, есірткі және темекіге қатысты қарым-қатынасын әрбір ересек адам өзі шешеді, дегенмен біз мұндай заттардың саудасымен және пайдаланылуымен байланысты қауіп-қатерлер бар екенін мойындаймыз. Біз алкоголь, темекі өнімдері немесе есірткі саудасына тыйым саламыз. Сонымен қатар біз есірткіні көрсетуге, иеленуге немесе пайдалануға тыйым саламыз.

Біз мұндай заттар жас балаларға жоғары зиян келтіру қаупін төндіретінін түсінеміз. Біз алкоголь, темекі өнімдерін немесе есірткіні ұстайтын немесе пайдаланатын жастарды көрсетуге немесе тыйым саламыз.

Егер контентте есірткі немесе басқа реттелетін заттар талқыланатын, алкогольдің тым артық мөлшерін тұтынып жатқан ересектер көрсетілетін немесе темекі өнімдері жарнамаланатын болса, мұндай контентке шектеу (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) қойылады және ол «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Егер контентте темекі өнімдерін пайдаланатын ересектер көрсетілетін болса, оған шектеу (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) қойылады.

Аталған заттарды пайдалану туралы, сондай-ақ емдеу, қолдау алу және ремиссияға шығуға көмектесетін ресурстар туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

Темекі өнімдеріне вейпинг өнімдері, түтінсіз немесе дәстүрлі темекі өнімдері, синтетикалық никотин өнімдері, электронды сигареттер және никотинді жеткізудің басқа да электронды жүйелері жатады.

Реттелетін заттарға рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектер, рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер, сығымдалған ауасы бар баллондар (азот тотығы) және нитритті попперстер жатады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Алкоголь, темекі өнімдері, есірткі немесе басқа реттелетін заттардың саудасына жағдай жасау
  • Темекі өнімдері, есірткі немесе басқа реттелетін заттар маркетингісі
  • Үй жағдайында спирттік ішімдіктерді, есірткіні немесе басқа реттелетін заттарды жасау әдістері туралы нұсқаулар беру
  • Есірткілерді немесе басқа реттелетін заттарды ойын-сауық мақсатында көрсету, ұстау немесе пайдалану, соның ішінде олардың әсерінде болудың белгілері
  • Алкоголь, темекі өнімдерін, есірткіні немесе басқа реттелетін заттарды ұстап немесе пайдаланып жатқан жастарды көрсету
  • Улану үшін жалпы тұрмыстық заттардың немесе рецептсіз өнімдердің (мысалы, антигистаминдер, мускат жаңғағы, азоттың шала тотығы бар баллондар немесе желімді иіскеу) орынсыз пайдаланылуын көрсету

ШЕКТЕУЛІ (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Есірткіні немесе басқа реттелетін заттарды талқылау (заттар пайдаланылмаса немесе көрсетілмесе)
  • Ересектердің алкогольді тым артық мөлшерде тұтынуын көрсету
  • Темекі өнімдерін насихаттау
  • Ересектердің темекі өнімдерін тұтынуын көрсету
  • Алкогольдік өнімдерді насихаттау

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Есірткіні немесе басқа реттелетін заттарды талқылау (заттар пайдаланылмаса немесе көрсетілмесе)
  • Ересектердің алкогольді тым артық мөлшерде тұтынуын көрсету
  • Темекі өнімдерін насихаттау

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Заттарды орынсыз пайдалану туралы хабардарлықты арттыру және ремиссияға шығу туралы оқиғаларды бөлісу
  • Есірткіге қатысты саясаттар мен ережелер реформасын насихаттау

Атыс қаруы және қауіпті қару-жарақтар

TikTok — қару-жарақтарды жауапкершілікпен пайдалану және иелену, сондай-ақ елеулі зиян келтіру ықтималдығы туралы ақпаратты бөлісуге немесе іздеуге болатын орын. Атыс қаруы және жарылғыш қару-жарақтар әсіресе қауіпсіз жолмен пайдаланылғанда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Біз атыс қаруының немесе жарылғыш қару-жарақтардың саудасына немесе маркетингісіне, сондай-ақ қауіпсіз немесе тиісті жағдайларда пайдаланылмаған жағдайда атыс қаруын немесе жарылғыш қару-жарақтарды көрсететін немесе насихаттайтын контентке тыйым саламыз.

Қосымша ақпарат

Атыс қаруына кәсіби әзірленген атыс қаруы, импровизацияланған атыс қаруы (мысалы, қолдан жасалған немесе 3D принтері арқылы басып шығарылған қару), атыс қаруының керек-жарақтары және оқ-дәрілер кіреді.

Қауіпсіз немесе тиісті жағдайларға кәсіби контекст (мысалы, әскер және полиция), ойын-сауыққа арналған жерлер (мысалы, атыс алаңдары және аң аулау), ағартушылық контекст және жасанды жағдайлар кіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Атыс қаруы немесе жарылғыш қару-жарақтар саудасына жағдай жасау немесе оларды жасау әдістері бойынша нұсқаулар беру
  • Атыс қаруы немесе жарылғыш қару-жарақтар маркетингісі
  • Қауіпсіз немесе тиісті жағдайларда пайдаланылмаған атыс қаруларын немесе жарылғыш қару-жарақтарды көрсету немесе насихаттау

Бақыланатын тауарлар мен қызметтер саудасы

Бақыланатын тауарлар мен қызметтер көбінесе маңызды рөл ойнайды. Мұндай заттарды бақылау қажеттілігінің белгілі бір себептері бар екенін түсіну маңызды. TikTok — заңсыз трафик немесе саудаға арналған орын немесе бейресми нарық (қара немесе сұр нарықтар) емес. Біз бақыланатын, тыйым салынған немесе жоғары қауіпті тауарлар мен қызметтер саудасына немесе маркетингісіне тыйым саламыз. Оларға алкоголь, темекі өнімдері, реттелетін заттар, атыс қаруы және басқа да қауіпті қару-жарақтар, сексуалдық қызметтер, жануарлар, контрафактілік тауарлар және реттелетін заттарды немесе атыс қаруын жасау әдістері бойынша нұсқаулар кіреді.

Қосымша ақпарат

Сауда жасау тауарлар мен қызметтерді сату, сатып алу, қайта бағыттау, айырбастау және таратуды қамтиды. Оған веб-беттерді немесе физикалық орналасқан жері туралы мәліметтерді беру, байланыс ақпаратын бөлісу және адамдарды платформада немесе одан тыс өзара әрекеттесу үшін қайта бағыттау (соның ішінде жеке хабарлар арқылы).

Темекі өнімдеріне вейпинг өнімдері, түтінсіз және дәстүрлі темекі өнімдері, синтетикалық никотин өнімдері, электронды сигареттер және никотинді жеткізудің басқа да электронды жүйелері жатады.

Реттелетін заттарға рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектер, рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер, сығымдалған ауасы бар баллондар (азот тотығы) және нитритті попперстер жатады.

Атыс қаруына кәсіби әзірленген атыс қаруы, импровизацияланған атыс қаруы (мысалы, қолдан жасалған немесе 3D принтері арқылы басып шығарылған қару), атыс қаруының керек-жарақтары және оқ-дәрілер кіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Бақыланатын, тыйым салынған немесе жоғары қауіпті тауарлар мен қызметтер саудасына немесе маркетингісіне жағдай жасау, соның ішінде:
    • Құмар ойындар немесе құмар ойындарға ұқсайтын іс-әрекеттер
    • Алкоголь және темекі өнімдері
    • Заңсыз дәрі-дәрмектер, рецепт бойынша және рецептсіз берілетін дәрі-дәрмектер, салмақты тастауға немесе бұлшықет жинауға көмектесетін өнімдер және басқа да реттелетін заттар
    • Атыс қаруы және жарылғыш қару-жарақтар
    • Контрафактілік тауарлар (мысалы, сәндік заттар)
    • Жалған валюта, құжаттар және ұрланған ақпарат
    • Белсенділікті жасанды түрде арттыратын қызметтер
    • Сексуалдық қызметтер, соның ішінде жыныстық қатынасты ұсыну немесе сұрау (алымсақтық), сексуалдық чаттар, кескіндер, порнография, қатысушыларға арналған эксклюзивті контент және ересектерге арналған контентті веб-камера арқылы трансляциялау (мысалы, стриптиз, жалаңаш суретке түсу, мастурбация немесе камера алдындағы сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер)
    • Барлық тірі жануарлар және жойылу үстіндегі жануарлардың қандай да бөліктері (мысалы, піл сүйегінен, жолбарыс сүйектерінен, бегемот мүйіздерінен немесе теңіз тасбақасының қабыршағынан жасалған өнімдер мен дәрі-дәрмектер)
    • Ғадауат тілін, өшпенділік идеологияларын, өшпенділікке шақыратын ұйымдарды насихаттайтын тауарлар (мысалы, өшпенді сөздері бар кітаптар мен киім-кешектер)

Коммерциялық ақпаратты жариялау және ақылы маркетинг

Біз шынайы көзқарастарды бағалаймыз және TikTok-тағы өнімдер мен қызметтерге қатысты талқылаулардың ашық және адал болғанын қалаймыз. Адамдардың жаңылыстырмау үшін, мәлімдемелердің дұрыстығына қатысты болуы мүмкін кез келген материалдық қарым-қатынастарды мойындау маңызды. Егер сіз бизнес, өнім немесе қызметті сататын болсаңыз, ол туралы контент түрі туралы белгі арқылы жариялауыңыз қажет. Оған жеке мақсаттағы немесе үшінші тарап брендіне арналған маркетинг, төлемге айырбасталатын өнім не қызмет немесе басқа сыйақы кіреді. Егер маркетингтік контент оның түрі туралы белгі арқылы жарияланбаған болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Материалдық қарым-қатынастардың басқа түрлері болған жағдайда мұндай қарым-қатынастар туралы айқын түрде жариялау қажет.

TikTok-та ақылы саяси маркетингтің ешбір формасына рұқсат етілмейді. Біздің үкімет, саясаткер және саяси партия аккаунттарына қатысты саясатымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

Материалдық қарым-қатынас қандай да бір мәлімдемелердің немесе мақұлдаулардың дұрыстығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін қарым-қатынасты білдіреді. Оған жеке, отбасылық, еңбек және қаржылық қарым-қатынастар кіреді.

Жарияланатын мәліметтер — контенттің немесе үшінші тараппен қарым-қатынастың коммерциялық сипатын түсіндіретін мәлімдемелер.

Төлем немесе басқа сыйақы қолма-қол ақша арқылы төлемдер, тегін өнімдер, дүкендегі несие, жеңілдіктер және өнімдер, қызметтер немесе оқиғаларға арнайы қатынасу рұқсатына қатысты болуы мүмкін.

ЖАРИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ (контент түрі туралы белгі арқылы)

  • Бизнес, өнім немесе қызметке қатысты маркетингтік контент
  • Төлемге немесе кез келген басқа сыйақыға айырбасталатын, үшінші тарап бренді немесе оның бизнесі, өнімі немесе қызметіне қатысты маркетингтік контент
  • Басқа материалдық қарым-қатынастар (мысалы, өнім немесе қызметті өндіру немесе сатумен айналысатын компаниямен немесе саламен қарым-қатынас немесе байланыс болған жағдайда тақырып, су таңбасы немесе жапсырма арқылы айқын түрде жариялай отырып, өнім, қызмет немесе сала туралы зерттеулер жүргізу)

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Контент түрі туралы белгі арқылы жарияланбаған маркетингтік контент

Алаяқтық және алдау

Біз пайдаланушылардың TikTok-ты қаржылық жауапкершілікті үйрену жолдарын білу үшін, сондай-ақ алаяқтық немесе қаржылық эксплуатация туралы ойламастан, экономикалық транзакциялар немесе инвестиция мүмкіндіктерін қарастыру үшін пайдалана алғанын қалаймыз. Біз қауымдастық мүшелерін алаяқтық жасау және алдау әрекеттеріне тыйым саламыз.

Өзіңізді қорғау және желіде алдау әрекеттерін анықтау әдістері туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

Алаяқтық және алдау — көбінесе қаржылық пайда табу немесе жеке тұлғаның жеке ақпаратын алып алу мақсатында басқа адамдарды пайдаланатын алдамшы және жаңылыстыратын әрекеттер.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Қаржылық және жеке тұлғаға көзделген алдау әрекеттеріне, жеке деректерді ұрлауға немесе фишингке, сондай-ақ инвестицияларға, қаржылық транзакцияларға немесе бос жұмыс орындарына қатысты алдау әрекеттеріне жағдай жасау
  • Алдау әрекеттерін ұйымдастыру, жағдай жасау немесе нұсқаулар беру
  • Ұйымдасқан алаяқтыққа (мысалы, ақшаның ізін жасыру немесе басқа біреу үшін заңсыз жолмен алынған ақшаны тасымалдау/«дроп») жағдай жасау
  • Тәуелсіз дистрибьюторлар арқылы пирамидалық құрылым бойынша өнімдерді немесе қызметтерді сататын компанияларға қызметкерлерді жалдау (желілік маркетинг немесе MLM (multi-level marketing))
  • Жалған валюта, құжаттар және ұрланған ақпарат саудасына жағдай жасау