Skip to main content
TikTok LogoTikTok Logo
Аккаунттар мен функциялар

Аккаунттар мен функциялар

Соңғы рет жаңартылды: наурыз 2023 ж.

Аккаунттар

Аккаунт ашу үшін 13 жасқа толған болуыңыз керек. Сондай-ақ кейбір аймақтарда жергілікті заңнама негізінде қосымша жас шектеулері қолданылады. АҚШ-та 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналған TikTok интерфейсі деп аталатын бөлек функция бар. Бұл функция қосымша қауіпсіздік қорғанысы және арнайы Құпиялылық саясаты бар едәуір шектеулі интерфейсті ұсынады. TikTok-та минималды жасқа жетпейтін пайдаланушылардың аккаунттары бұғатталады.

Біздің ережелерімізді бұзу аккаунттарға қатысты шара қабылдауға әкелуі мүмкін. Біз мыналарға қатысы бар аккаунттарды немесе пайдаланушыларды бұғаттаймыз: (1) ережелерді бір рет өрескел түрде бұзған контент, (2) 90 күндік мерзім ішінде ережелерді бірнеше рет бұзған контент, (3) айналып өту немесе (4) ережелерді бұзатын іс-әрекеттерді орындауға арналған аккаунттарды пайдалану Оларға ең бірінші кезекте платформада рұқсат етілмеген барлық іс-әрекеттер (мысалы, ғадауат тіліне, тыйым салынған тауарлар саудасына, спамға және өзін басқа адам атынан көрсетуге бағытталған аккаунттар) (айналып өту және арнайы аккаунттары туралы толығырақ ақпаратты Аккаунттағы спамдық және алдамшы әрекеттер) бөлімінен оқыңыз.

Сондай-ақ аккаунт иесі зорлық-зомбылыққа немесе өшпенділікке шақыратын субъект екені анықталған жағдайда немесе жас балаға қарсы сексуалдық қылмыс немесе басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған болса, оның аккаунтын бұғаттаймыз. Мұндай аккаунттарды бұғаттау туралы шешім қабылдаған кезде, біз зорлық-зомбылыққа, өшпенділікке және балаларға қатысты жыныстық эксплуатация және зорлық-зомбылыққа қатысты платформадан тыс әрекеттерді де ескеруіміз мүмкін. Біз адам өміріне немесе денсаулығына нақты, шынайы және тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті құқық қорғау органдарына мұндай аккаунттар туралы хабарлаймыз.

Платформада рұқсат етілген, бірақ «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контентті қайталап жариялау аккаунттың және ондағы контенттің іздегенде табылуының қиындай түсуіне әкелуі мүмкін. Біздің аккаунтқа қатысты шара қабылдауға жалпы көзқарасымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Үкімет, саясаткер және жаңалықтар аккаунттары

Үкіметтер, саясаткерлер және ақпарат агенттіктері азаматтық процестер мен азаматтық қоғамда маңызды рөл ойнайды. Біз олардың контент басқа аккаунттардағы контент сияқты қабылдаймыз және ережелерді бұзатын контентті сәйкесінше жоямыз. Алайда адам құқықтары мен сөз бостандығына қатысты міндеттемемізге сәйкес келу үшін аккаунт деңгейінде шара қабылдауға қатысты басқа көзқарас ұстанамыз. Қоғамдық мүдделерді білдіретін мұндай аккаунттар ережелерді бір рет өрескел түрде бұзған контент (мысалы, зорлық-зомбылықпен қорқыту) үшін бұғатталады. Ережелерді қатты өрескел емес түрде бірнеше рет бұзған контент үшін олар «Ұсыныстар» арнасында және басқа жазылушылардың арналарында уақытша көрсетілмейтін болады. Шектеулі жағдайларда оларға жаңа контентті жариялауға уақытша тыйым салынуы да мүмкін. Біздің қоғамдық мүдделерді білдіретін аккаунттарға көзқарасымыз туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Үкіметтер мен саясаткерлерге федералды/ұлттық деңгейде сайланған лауазымды тұлғалар мен үміткерлер, штат/провинция/аумақ/жергілікті үкіметтің билік органдары, министрлер кабинеті және ресми өкілдер жатады. Қандай аккаунттар үкімет, саясаткер және саяси партия аккаунттары ретінде есептелетіні туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Ақпарат агенттіктеріне негізінен хабардар ету немесе ағартушылық мақсатта негізінен жаңалықтарды жариялауға бағытталған ұйымдар кіреді. Жаңалықтар аккаунты деген атауға ие болу үшін, аккаунт үкіметаралық ұйым, реттеуші немесе сенімді баспасөз ұйымы тарапынан заңды түрде лицензияланған, сертификатталған немесе мойындалған болуы керек.

Өрескел бұзушылыққа мыналар кіреді:

  • Жасөспірімдер эксплуатациясы және балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарды көрсету, насихаттау немесе оған жағдай жасау
  • Зорлық-зомбылықты насихаттау немесе қорқыту
  • Келісімсіз жыныстық қатынасты (мысалы, зорлау немесе тиісу) көрсету және насихаттау
  • Адам саудасына жағдай жасау
  • Шын өмірде жәбірлеуді көрсету
  • Аккаунт біржолата бұғатталғаннан кейін басқа аккаунтты пайдалану немесе ережелерді әрі қарай бұза беру

Сыртқы сілтемелер

Біздің қауымдастығымыздың мүшелері қосымша контентке немесе басқа сайттарға бағыттау үшін профиль, био немесе контентте сілтемелерді жиі бөлісіп жатады. Кейбір сілтемелер пайдалы немесе мазмұнды болса, ал енді бірі зиянды контентті қамтуы мүмкін. Біздің платформада мұндай контентке рұқсат берілмейді. Адамдарды ережелерді бұзатын контентке бағыттайтын сілтемелерді жарияламаңыз.Ережелерді бұзатын сілтеме анықталған жағдайда бұл сілтеменің жойылуына немесе аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін.

QR кодының кескіні қайда апаратынын және ашылған контенттің қауіпті не қауіпсіз екенін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Егер контентте QR кодтары бар болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады (электрондық коммерция контексі сияқты төмен зиян қаупін тудырмайтын болса)


Пікірлер және жеке хабарлар

TikTok-тағы пікірлер мен жеке хабарлар пайдаланушыларға видеолармен немесе басқа пайдаланушылармен тікелей өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді және платформадағы интерактивті әрекеттесудің тұтастығын қамтамасыз етеді. Жеке хабарларды пайдалану үшін 16 жасқа толған болуыңыз керек.

Жоғарыда аталған ережелер пікірлер мен хабарларға да қатысты қолданылады. Ережелерді бұзу контенттің жойылуына немесе жеке хабарлар жіберу мүмкіндігінің шектелуіне әкеледі, сондай-ақ аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін.


TikTok-тағы тікелей трансляциялар

TikTok-тағы тікелей трансляциялар қауымдастық мүшелеріне нақты уақыт режимінде бір-бірімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Тікелей трансляция кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біз бұл функцияға минималды жасқа қатысты жоғарырақ талапты орнаттық. Тікелей трансляцияға шығу және тікелей трансляция кезінде авторларға сыйлықтар жіберу үшін, 18 жасқа толған болуыңыз керек.

Жоғарыда аталған ережелер тікелей трансляцияларға да қатысты қолданылады. Ережелерді бұзу ағымдағы тікелей трансляция сеансының жабылуына әкеледі және тікелей трансляцияны пайдалануға қатысты шектеулерге немесе аккаунттың бұғатталуына әкелуі мүмкін. Тікелей трансляцияға «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз контентпен қайта-қайта шығу аккаунттың «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз боп қалуына немесе іздегенде табылуының қиындатылуына әкелуі мүмкін.


Монетизация

Біз авторларға контентті монетизациялауға, ал компанияларға жұмыс істеуге және қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынамыз. Монетизация функцияларын пайдалану үшін 18 жасқа толған болуыңыз керек.

Монетизация функцияларын пайдалану үшін, аккаунттар тиісті кіру шарттарына сай келуі қажет. Ережелерді бұзу монетизация функцияларының уақытша шектелуіне әкелуі мүмкін, ал бірнеше рет бұзу біржолата шектеуге немесе аккаунттың бұғатталуына әкеледі. «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамды емес контент үшін монетизация функцияларына шектеу қойылуы мүмкін.

Біздің платформадағы барлық коммерциялық контент монетизация функцияларына қатысты тиісті саясатқа (мысалы, Брендтелген контентке қатысты саясат, TikTok-тағы шығармашыл жарнамаларға қатысты саясат, Салаға ену саясаты және TikTok-тағы дүкендерге қатысты саясаттар) сай келуі керек. Коммерциялық контентке авторлар, үшінші тарап пен автор (мысалы, брендтелген контент), автор және компания (мысалы, электрондық коммерция) немесе автор мен TikTok (мысалы, авторлар қоры) арасында қандай да құндылықтарды айырбастау кіреді.


Келесі мақала

Шара қабылдау

Келесіні оқу