TikTok LogoTikTok Logo
Құпия және ересектерге арналған тақырыптар

Құпия және ересектерге арналған тақырыптар

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

TikTok нағыз отбасылық контентті де, ересектерге арналған контентті де ұсынады. Ғаламдық қауымдастығымыздың әртүрлілігін ескере отырып, даму және мәдениет ерекшеліктері кейбіреулеріне тіл тигізетін болып көрінуі мүмкін ықтимал құпия және ересектерге арналған контентке қатысты көзқарасымызды анықтайды. Біздің жергілікті контексті сыйлау қағидамызды сақтау және бір елдің нормаларын басқа елге зорлап міндеттемеу үшін, осы бөлімдегі нұсқаулардың кейбір қолданыстары әр елде әртүрлі болады.

Жыныстық белсенділік және сексуалдық қызметтер

TikTok — сексуалдылық, секс немесе репродуктивті денсаулық туралы талқылауға немесе үйренуге болатын орын. Біз белгілі бір контент жас балалар үшін жарамсыз болуы, кейбір адамдар үшін тіл тигізетін болуы немесе эксплуатация ықтималдылығын тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Біз жыныстық белсенділік немесе сексуалдық қызметтерге қатысты контентке тыйым саламыз. Оған секс, жыныстық қозу, фетиш және бұрмаланған мінез-құлық, сондай-ақ сексуалдық қызметтерді іздеу немесе ұсыну кіреді. Алайда оған репродуктивті денсаулық және жыныстық тәрбие контенті кірмейді.

Қосымша ақпарат

Фетиш және бұрмаланған мінез-құлыққа БДСМ (байлау, жазалау, үстемдік ету, бағындыру, садизм және мазохизм) және жанды емес заттармен немесе белгілі бір дене бөліктерімен байланысты сексуалдық мінез-құлықтар (мысалы, фут-фетиш) кіреді.

Репродуктивті денсаулық дегеніміз репродуктивті жүйеге және оның функциялары мен процестеріне қатысты толық физикалық, менталды және әлеуметтік әл-ауқатты білдіреді.

Жыныстық тәрбие дегеніміз секс, сексуалдылық, сексуалды денсаулық және қарым-қатынастарға қатысты алуан түрлі тақырыптарды білдіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Енетін секс, енусіз секс немесе оральді сексті көрсету
  • Физикалық жыныстық қозуды, соның ішінде сексуалды стимуляция және жыныстық қозуға физикалық жауаптарды көрсету
  • Фетиш немесе бұрмаланған іс-әрекеттер
  • Сексуалдық қызметтер, соның ішінде жыныстық қатынасты ұсыну немесе сұрау (алымсақтық), сексуалдық чаттар, кескіндер, порнография, қатысушыларға арналған эксклюзивті контент және ересектерге арналған контентті веб-камера арқылы трансляциялау (мысалы, стриптиз, жалаңаш суретке түсу, мастурбация және камера алдындағы сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер)
  • Сексуалдық чаттар, кескіндер немесе порнография

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Репродуктивті денсаулық және жыныстық тәрбие туралы контент (мысалы, процедуралар, операциялар немесе тексерулерге қатысты медициналық немесе ғылыми контексте талқыланатын бала көтертпейтін дәрі-дәрмектерді пайдалану және аборт)

Жалаңаш дене және жалаңаштану

Біз барлық дене пішіндері мен өлшемдерін қолдаймыз және өзіңізге және денеңізге қатысты жайлы сезінгеніңізді қалаймыз. Біз әртүрлі қоғамдар дененің жалаңаштануына және киім-кешекке әртүрлі қарайтынын түсінеміз, сондықтан біз басым мәдени тәжірибелерді көрсетуге тырысамыз. Біз жалаңаштыққа рұқсат етпейміз. Оған жалаңаш жыныс мүшелері, бөксе, әйелдер мен қыздардың омырауы және мөлдір киім кіреді.

Біз жас балаларға жасына сай тәжірибе бергіміз келеді. Біз жас балалардың жартылай жалаңаш денесін немесе айтарлықтай ашық киінген денесін көрсетуге тыйым саламыз. Егер контентте жас баланың жалаңаш денесі көрсетілетін болса және бұл қалаусыз сексуалдандыру қаупін тудыратын болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.

Сондай-ақ біз кең аудитория үшін жарамсыз болуы мүмкін контентті таратқымыз келмейді. Егер контентте ересек адамның жартылай жалаңаш денесін көрсетілетін болса, мұндай контентке шектеу қойылады (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) және «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Біз аймақтық ерекшелік ретінде шектеулі жағдайларда дененің жалаңаштануына (мысалы, мәдени тәжірибелерде) рұқсат етеміз.

Қосымша ақпарат

Жалаңаш дене дегеніміз киімсіз денені және мәдени тәжірибелердің басым бөлігінде толықтай жабық болуы керек деп есептелетін жалаңаш интимдік дене бөліктерін көрсетуді білдіреді. Оған әйелдер мен қыздардың жалаңаш омырауы кіреді, бірақ ерлер мен ұл балалардың (соның ішінде трансгендерлер немесе интерсекстердің) немесе бинарлық емес адамдардың жалаңаш омырауы кірмейді. Біз кейбір тұлғалардың өз жынысын бинарлық ұғыммен сипаттамайтынын түсінеміз және бұл саясатты қолданудың күрделілігін мойындаймыз. Мұндай контентті тексерген кезде, біз адамның өзі туралы ақпарат пен индикаторларды (мысалы, тақырыптар, хэштегтер немесе био) пайдалана отырып өзін қалай сипаттайтынына қараймыз, содан кейін өзін қалай көрсететініне де қарауымыз мүмкін.

Интимдік дене бөліктері жыныс мүшелерін, бөксені және омырауды (омырау ұшы мен ареоламен қоса) білдіреді.

Жартылай жалаңаштық дегеніміз дененің көп бөлігінің киімсіз және жалаңаш сияқты (бірақ шын мәнінде жалаңаш емес) болып көрсетілуін білдіреді (мысалы, жасырын жалаңаштық немесе дененің интимдік бөліктерін сәл ғана жауып тұратын киімдерді кию).

Айтарлықтай ашық киінген дене дегеніміз киім киген, бірақ интимдік дене бөліктері жартылай ашық тұрған немесе тек интимдік киімді (мысалы, іш киім) киген денені білдіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Ересектердің және жас балалардың жалаңаш денесін, соның ішінде фотосурет және цифрлық кескіндерді (мысалы, манга және аниме) көрсету (Жасөспірімдер эксплуатациясы бөлімінде балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдар туралы толығырақ ақпарат алыңыз)
  • Жас балалардың жартылай жалаңаш денесін немесе айтарлықтай ашық киінген денесін (мысалы, өте қысқа шолақ шалбар немесе тек іш киім киген дене) көрсету

ШЕКТЕУЛІ (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Ересектердің жартылай жалаңаш денесін көрсету (мысалы, тек омырау ұшына жапсырма тағу немесе бөксенің көп бөлігін жауып тұрмайтын іш киім кию)

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Ересектердің жартылай жалаңаш денесін көрсету (мысалы, тек омырау ұшына жапсырма тағу немесе бөксенің көп бөлігін жауып тұрмайтын іш киім кию)
  • Декольтесі айтарлықтай ашық киім немесе нақты бір интимдік дене бөліктерінің (жыныс мүшелері және омырау ұшы) контурын көрсетіп тұратын киім киген жасөспірімдерді көрсету
  • Денесі жасырын жалаңаш немесе бөксесі жартылай ашық нәрестелер мен бүлдіршіндерді (4 жасқа дейінгі) көрсету

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Босану процесі кезінде нәрестенің толықтай жалаңаш денесін көрсету
  • Ерлердің мен ұлдардың (соның ішінде трансгендерлер немесе интерсекстердің), нәрестелердің және бүлдіршіндердің (4 жасқа дейінгі), сондай-ақ бинарлық емес адамдардың жалаңаш омырауын көрсету
  • Келесі сексуалдандырылмаған контексте кез келген адамның бөксесін толықтай көрсету, сондай-ақ әйелдердің (және қосымша контекст болған жағдайда қыздардың) жалаңаш омырауын көрсету:
    • Мәдени тәжірибе (мысалы, емшек емізу немесе омырау тұсынан емізу, дәстүр бойынша киім кимейтін халықтар немесе карнавал сияқты үлкен дәстүрлі мерекелік фестивальдар)
    • Құжаттық немесе ағартушылық контекст (мысалы, саяси протестер)
    • Ғылыми немесе медициналық контекст (мысалы, мастэктомиядан кейінгі омырау реконструкциясы)
  • Мәдени контексте сәйкес келетін жалаңаш дене (мысалы, жағажайда немесе фестивальда шомылу киімін киген немесе спорттық бюстгальтер киген спортшының денесі)

Сексуалды сипаттағы контент

Біз өзіңізді шығармашыл жолмен таныстырғаныңызды, мәдениетіңізді дәріптегеніңізді немесе көңіл көтергеніңізді қолдаймыз. Біз жыныстық қозуға немесе ұятсыз нәрсеге тұспалдауға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер кейбір адамдар үшін тіл тигізетін болуы мүмкін екенін және жас балаларға эксплуатация қаупін төндіруі мүмкін екенін түсінеміз. Біз жас балалардың сексуалды сипаттағы контентіне рұқсат бермейміз. Оған интимдік сүйісу, сексуалды кадрлар немесе сексуалды мінез-құлық кіреді. Сондай-ақ біз ашық сексуалды сипаттағы сөздерге рұқсат бермейміз. Біз сексуалды сипаттағы кейбір көркемдік контентке (мысалы, әннің мәтіні) рұқсат етеміз.

Егер контентте ересектердің интимдік сүйісуі, сексуалды кадрлары немесе сексуалды мінез-құлқы, сондай-ақ интимдік тауарлар көрсетілетін болса, мұндай контентке шектеу қойылады (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) және «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.

Қосымша ақпарат

Ниет басқа адамдардың сізді сексуалдық қоздырушы деп табуы ережелерге қайшы келмейтінін білдіреді. Алайда біз ниеттің субъективті болуы мүмкін екенін түсінеміз. Оны түсіну үшін біз объективті белгілерді, соның ішінде био, хэштегтер, тақырыптар (мысалы, «саған мұны көрген ұнай ма?») немесе дыбыстар (мысалы, ыңырсу) сияқты белгілерді пайдаланамыз. Сондай-ақ біз әртүрлі аймақтарда сексуалды сипаттағы деп есептелетін көріністердің әртүрлі болатынын түсінеміз және бұл бағалау кезінде ескеріледі.

Интимдік дене бөліктері жыныс мүшелерін, бөксені және омырауды (омырау ұшы мен ареоламен қоса) білдіреді.

Интимдік сүйісу жыныстық қозу немесе жыныстық қатынастың басталу белгілері бар сүйісуді білдіреді.

Сексуалды кадрлар жабық интимдік дене бөліктерін видеоға түсіру, өңдеу немесе камера алдында денені түрлі позада көрсету арқылы арнайы назар аудартатын контентті білдіреді.

Сексуалды мінез-құлық жыныстық қозуды көздейтін мінез-құлықты, соның ішінде интимдік дене бөліктеріне назар аудартатын және жыныстық қатынасты имитациялайтын көріністерді немесе қайталамалы дене қозғалыстарын білдіреді.

Интимдік тауар жыныстық ләззат алу үшін пайдалануға арналған зат немесе құрылғыны (мысалы, секс ойыншық) білдіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Ашық сексуалды сипаттағы сөздерді пайдалану (мысалы, жыныстық қатынастың немесе қозудың графикалық сипаттамалары)
  • Мыналарға қатысып жатқан жас балаларды көрсету:
    • Интимдік сүйісу (мысалы, жабық немесе ашық ауызбен, тілмен, тістеп, сорып немесе жармасып сүйісу)
    • Сексуалды кадрлар (мысалы, интимдік дене бөліктеріне назар аударту үшін кескінді қиып алу немесе үлкейту, цифрлық әсер (соның ішінде жапсырма немесе көрсеткі) қосу немесе қисайту)
    • Сексуалды мінез-құлық (мысалы, омырауды немесе бөксені қайта-қайта селкілдету, жамбаспен итеру, стриптиз, еркектің жыныс мүшесі формасындағы затты жалай отырып жасырын түрде сексуалды қозуды білдіретін дыбыстарды шығару немесе бет әлпет жасау)

ШЕКТЕУЛІ (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Ересектердің интимдік сүйісуге, сексуалды кадрларға немесе сексуалды мінез-құлыққа қатысуын көрсету
  • Интимдік тауарларды көрсету

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Ересектердің интимдік сүйісуге, сексуалды кадрларға немесе сексуалды мінез-құлыққа қатысуын көрсету
  • Интимдік тауарларды көрсету

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Кейбір көркемдік контенттегі ашық сексуалды сипаттағы әңгімелер (мысалы, ән мәтіні)
  • Сәлемдесу кезіндегі немесе интимдік емес сүйісуді (мысалы, біреуді бетінен немесе ернінен жылдам сүю) көрсету

Түршіктіретін және қолайсыз контент

TikTok-та жаңа және күтпеген контентке кезігу көп қуаныш сыйлайды. Алайда платформа басқаларды мақсатты түрде түршіктіруге, көңілін түсіруге немесе жиіркендіруге арналған орын емес. Біз мұндай контент түрінің триггер болуы, психологиялық зиян келтіруі немесе қатты жайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Біз қанды, жан түршіктіретін, үрей туғызатын немесе аса зорлықшыл контентке тыйым саламыз.

Егер контентте адамның немесе жануардың қаны, қатыгез физикалық күрес немесе басқа жағдайда ережелерімізді бұзатын, бірақ контентті қарау қоғам мүддесінде болатын оқиғалардың графикалық кадрларын қамтитын болса, мұндай контентке шектеу қойылады (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін) және «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Сондай-ақ контентте жасанды зорлық-зомбылық көрінісі, үрейлі болуы мүмкін немесе аздап қолайсыз графикалық материал көрсетілетін болса, мұндай контент те «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады

TikTok интерфейсін басқаруға көмектесу үшін, біз кейбір контентке (мысалы, адам немесе жануар қаны, бір-біріне шабуыл жасап жатқан жыртқыш аңдар, кәсіби күрес, үрейлі болуы мүмкін немесе аздап қолайсыз графикалық материал) «келісу» экранын немесе ескерту ақпаратын қосамыз.

Қосымша ақпарат

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Мыналарды көрсету:
    • Шынайы өмірде жәбірлеу және зорлық-зомбылық көрінісі
    • Өлім және жазатайым оқиғалар көрінісі
    • Бөлшектелген, бүлінген, көмірленген, күйген немесе қатты жарақаттанған дене көріністері

ШЕКТЕУЛІ (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Мыналарды көрсету:
    • Адам немесе жануардың қаны
    • Қатыгез физикалық күрес
    • Көру қоғам мүддесінде болатын оқиғалардың қолайсыз немесе үрейлі болуы мүмкін кадрлары (мысалы, құқық қорғау органдарымен қақтығыстар немесе бомбалау немесе дүлей апаттардың салдарлары)

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Мыналарды көрсету:
    • Адам немесе жануардың қаны
    • Қатыгез физикалық күрес
    • Көру қоғам мүддесінде болатын оқиғалардың қолайсыз немесе үрейлі болуы мүмкін кадрлары (мысалы, құқық қорғау органдарымен қақтығыстар немесе бомбалау немесе дүлей апаттардың салдарлары)
    • Жасанды зорлық-зомбылық көрінісі
    • Алаңдаушылық немесе қорқыныш тудыруы мүмкін ықтимал үрейлі материалдар (мысалы, қатты емес жарақаттар мен жазатайым оқиғалар, өлі жануарлар, үркітетін әсерлер немесе қанды грим)
    • Жиіркенушілікті тудыруы мүмкін аздап қолайсыз материалдар, соның ішінде адам немесе жануар денесінің функциялары мен сұйықтықтары (мысалы, несеп және құсық) және дене мүшелері мен белгілі бір жануарлардың (мысалы, жәндіктер немесе егеуқұйрықтар) ұлғайтылтан кескіндері

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Мыналарды көрсету:
    • Кәсіби күрес (мысалы, бокс немесе аралас жекпе-жек)
    • Ағартушылық (мысалы, менструация) және көркемдік (мысалы, көркем өнер) мақсатта көрсетілген қан
    • Азық-түлікке қатысты қан өнімдері (мысалы, қанды шұжық, қандынемесе қара пудинг, сүзбе немесе тәтті нан)

Жануарларға деген қатыгездік

TikTok — жануарларға құрметпен қарайтын және әртүрлі мәдениеттер мен аймақтарда олардың өмірімізді байытатынын мойындайтын орын. Біз жануарларға деген қатыгездікке, кемсітушілікке, сауда жасауға және жануарлар эксплуатациясының басқа формаларына тыйым саламыз.

Аймағыңыздағы жануарларды қорғау ұйымдарымен байланысу әдістерімен қоса жануарларға деген қатыгездік туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Жануарларды сою, азаптау немесе қатыгездік көрсету, соның ішінде сахнадағы жануарлар шайқасы
  • Жануарларға дұрыс қарамау немесе кемсіту (мысалы, жеткіліксіз жем беру) туралы контентті көрсету немесе насихаттау
  • Бөлшектелген, бүлінген, көмірленген, күйген немесе қатты жарақаттанған жануарлар көріністері
  • Айқын заңды рұқсатсыз аң аулау (браконьерлік)
  • Жануар мен адам арасындағы жыныстық қатынас (бестиализм)
  • Барлық тірі жануарлар және жойылу үстіндегі жануарлардың қандай да бөліктерінің (піл сүйегінен, жолбарыс сүйектерінен, бегемот мүйіздерінен немесе теңіз тасбақасының қабыршағынан жасалған өнімдер мен дәрі-дәрмектер) саудасына немесе маркетингісіне жағдай жасау

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Азық-түлікке қатысты жануар денесінің бөліктері (мысалы, отқа пісірілген тауық аяқтары)
  • Жануарларға деген қатыгездік туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ағартушылық және құжаттық контент (жануарларға деген қатыгездік туралы аса қолайсыз контентті қамтымайтын болса)