Skip to main content
TikTok LogoTikTok Logo
Жалпы шолу

Қауымдастық ережелері

TikTok-ты әрбір адам үшін қауіпсіз, инклюзивті және қонақжай орта ретінде сақтап қалу үшін 2024 жылдың 10 сәуірінде біз Қауымдастық ережелерімізді жаңартамыз. Жаңа Қауымдастық ережелерін осы жерден қараңыз.

Жалпы шолу

Соңғы рет жаңартылды: наурыз 2023 ж.

Біздің миссиямыз — шығармашылыққа ынталандыру және қуаныш сыйлау. Біз пайдаланушыларымыздың тек көңіл көтеріп қана қоймай, өзінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, табыс тапқанын да қалаймыз. Біздің есігіміз бүкіл әлемдегі адамдар үшін ашық. TikTok — алуан түрлі идеялармен, авторлармен және өнімдермен, сондай-ақ қауымдастығымыздың басқа қатысушыларымен танысуға болатын орын.

Қауіпсіз, сенімді әрі қызықты тәжірибені қамтамасыз ету үшін біз TikTok-ты пайдалану ережелері мен стандарттарын қамтитын Қауымдастық ережелерінің жиынтығын әзірледік. Ережелер платформадағы барлық пайдаланушыларға барлық мәселеге қатысты қолданылады. Олар халықаралық құқықтық жүйеге, үздік салалық тәжірибеге, сондай-ақ қауымдастықтың, қауіпсіздік және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша сарапшылардың және аймақтық кеңес беру қызметтерінің кері байланысына негізделген. Бұл ережелер туындаған қауіп-қатерлер мен жаңа мінез-құлықтан пайда болуы мүмкін зияндарды жою үшін үнемі жетілдіріліп отырады.

Біз контентті модерациялауда төрт қағиданы ұстанамыз:

  1. Ережелерді бұзатын контентті жою — ережелерді бұзатын контент платформадан жойылады
  2. Тек ересектерге арналған контентке қатынасу рұқсатын шектеу — мұндай контентті тек ересектер (18 жастан асқан) көре алады
  3. «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылық стандарттарын сақтау — біздің ұсыныс жүйеміз ұсынатын кез келген контентті кең аудитория үшін жарамды етуге көмектеседі
  4. Қауымдастыққа мүмкіндіктер ұсыну — қауымдастықты ақпаратпен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етеміз

Біздің ережелеріміз тақырыптары бойынша реттелген, ал ондағы әрбір ереже қалың қаріппен бөліп көрсетілген. Әрбір бөлімнің соңындағы қосымша ақпарат түймесін басу арқылы анықтамаларды, нақты мысалдарды, сондай-ақ рұқсаттар туралы жиі кездесетін сұрақтарға қатысты түсіндірмелермен танысуға болады. Мысалдар барлығын қамтымайтынын ескеріңіз (бұл «және т.б.» деген сөзді қайталап жаза бермеу үшін алдын ала ескерту болып табылады).

Егер контентті бөлісуге сенімсіз боп тұрсаңыз, басқа пайдаланушыларға қамқорлық пен жақсы қарым-қатынас сақтауды басшылыққа алу керектігін ұмытпаңыз. TikTok-ты әрбір адам үшін қонақжай орта етудегі көмегіңіз үшін алғыс айтамыз!

Қауымдастығымыз қауіпсіз әрі қызықты болуы үшін сөз бостандығы мен зиян келтіруге жол бермеу арасында дұрыс тепе-теңдікті табу қажет. Ол үшін біз қауіпсіздікке бағытталған тәсілдемелер қатарын қолданамыз. Оларға ережелер мен стандарттарды әзірлеу мен ендіруден бастап қауымдастық мүшелеріне көбірек мүмкіндіктер беретін платформа нормалары мен ресурстарын жасау кіреді.

  1. Ереже бұзатын контентті жою. TikTok-қа қосылған әрбір пайдаланушыныңплатформада контентті емін-еркін бөлісуге құқығы бар. Алайда біз зиянды контентті таратуға рұқсат бермейміз. Біз ашық аккаунтта болсын, жеке аккаунтта болсын, кез жарияланған контент ережелерді бұзатын болса, біз мұндай контентті жоюға тырысамыз. Біз ережелеріміздің орындалуын қамтамасыз ету үшін көп күш саламыз, дегенмен біз TikTok-та барлық жарияланған контенттің Пайдалану шарттарына немесе Қауымдастық ережелеріне сәйкес келетініне кепілдік бере алмаймыз. Егер қандай да бір пайдаланушы ережелерді өрескел түрде немесе қайта-қайта бұзатын болса, оның аккаунтын да бұғаттаймыз. Аккаунттарға қатысты қолданылатын шаралар туралы ақпаратты осы жерден табуға болады.
  2. Тек ересектерге арналған контентке қатынасу рұқсатын шектеу. TikTok-та ауқымды контент жарияланады, бұл алуан түрлі әсер алуға мүмкіндік береді. Алайда жас аудитория үшін бұл контенттің барлығы жарай бермейді. Біз тек ересектерге арналған контентке қатынасу рұқсатын шектейміз, яғни мұндай контентті тек ересектер (18 жастан асқан) көре алатын болады. Жасы бойынша шектеу қойылатын контент жиынтығын осыжерден таба аласыз.
  3. «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамдылық стандарттарын сақтау. «Ұсыныстар» арнасы көрермендерге жаңа контентпен танысуға, ал авторларға жаңа аудиторияны жұмылдыруға мүмкіндік береді. Алайда біздің ұсыныс жүйеміз арқылы кез келген контенттің таратылатынына кепілдік берілмейді. Кең аудитория үшін сай келмейтін контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады. Бұл стандарттардың жиынтығын осы жерден таба аласыз.
  4. Қауымдастыққа мүмкіндіктер ұсыну. Біз TikTok-ты дұрыс пайдалануы үшін пайдаланушыларымыздың қолында дұрыс ақпараттың бар екеніне сенімді болғымыз келеді. Біз кейбір контентке қосымша ақпаратты немесе ескертпелерді қосу үшін белгілерді, «келісу» экрандарын немесе ескертулерді қосамыз. Біздің қауіпсіздік бойынша құралдар жиынтығымыз кез келген контентті белгілі бір хэштегтер бойынша сүзгілеуге немесе сіз көргіміз келмейтін пікірлерді сүзгілеуге көмектеседі. Сондай-ақ біз аккаунтты басқару құралдары мен қауіпсіздік ресурстарын қамтитын қолданбаға ендірілген функцияларды ұсынамыз.

Келесі мақала

Қауымдастық қағидалары

Келесіні оқу