Skip to main content
TikTok LogoTikTok Logo
Психикалық және мінез-құлықтық денсаулық

Психикалық және мінез-құлықтық денсаулық

Соңғы рет жаңартылды: наурыз 2023 ж.

Біз қауымдастық мүшелерінің әл-ауқатын ойлаймыз және бақыт, баю және ортақтық көзі болғымыз келеді. Біз байланыс орнату үшін адамдардың біріккенін, ортақ тәжірибелерге қатысқанын және кең қауымдастықтың мүшесі ретінде сезінгенін қолдаймыз. Осы мақсатта біз адамдардың физикалық немесе психикалық денсаулығына теріс әсер етпейтін демеуші ортаны қалыптастыру үшін аянбай жұмыс істеудеміз.

Суицид және өзіне-өзі зақым келтіру

Біз TikTok-тың эмоциялық тұрғыда күрделі тақырыптарды зиян келтіру қаупін арттырмастан, қолайлы жолмен талқылауға болатын орын болғанын қалаймыз. Біз суицид немесе өзіне-өзі зақым келтіру жоспарларын көрсетуге, жарнамалауға және бөлісуге тыйым саламыз.

Егер сізге немесе танысыңызға суицид немесе өзіне-өзі зақым келтіру туралы ойлар кеп жатса, қолдау ала аласыз. Аймағыңыздағы суицидтің алдын алу бойынша сенім телефонына немесе жергілікті жедел жәрдем қызметіне хабарласыңыз. Егер адам өміріне немесе денсаулығына нақты, шынайы және тікелей қауіп төнсе, біз жергілікті жедел жәрдем қызметіне хабарласуымыз (мысалы, өз-өзіне зақым келтіру жоспары туралы мәліметтерді бөлісуіміз) мүмкін.

ТЫЙЫМ салынады

  • Суицид және өзіне-өзі зақым келтіру бойынша нұсқаулар, оған қатысты челлендждер, бәстесу, ойындар және келісімдерді көрсету, насихаттау немесе ұсыну
  • Суицид және өзіне-өзі зақым келтіру туралы жалған ақпаратты көрсету немесе насихаттау
  • Суицид және өзін-өзі зақым келтіру туралы жоспарларды бөлісу

Рұқсат етіледі

  • Суицид және өзіне-өзі зақым келтіру ниетін жеңу бойынша үміттер мен жеке тәжірибелерді бөлісу (суицид немесе өзіне-өзі зақым келтіру әдістері аталып өтпейтін болса)
  • Суицид және өзіне-өзі зақым келтірудің алдын алу туралы контент (мысалы, суицид туралы ескертетін сигналдар және кәсіпқойдың көмегіне қол жеткізу әдістері туралы ақпарат)
  • Суицид туралы жалған ақпараттан туындаған үрейді азайтуға бағытталған дұрыс ақпаратты бөлісу

Тамақтану үлгісінің бұзылуы және денені қабылдау

Біз TikTok-тың өзін-өзі жоғары бағалауға итермелейтін және негативті әлеуметтік салыстыруларды насихаттамайтын орын болғанын қалаймыз. Біз тамақтану үлгісінің бұзылуын немесе салмақ тастауға қатысты қауіпті іс-әрекеттерді көрсетуге және жарнамалауға тыйым саламыз.

Егер пластикалық операция бейнеленген контентке қауіп-қатер туралы ескертулері жоқ болса, мұндай контентке жасы бойынша шектеу қойылады.

Тамақтану мінез-құлқының бұзылуы (мысалы, жүйкелік анорексия, жүйкелік булимия және компульсивті артық тамақтану) өмірге қауіп төндіруі мүмкін елеулі мәселе болып табылады. Егер сізді немесе танысыңызды денені қабылдау, тамақтану немесе жаттығуға байланысты уайымдар мазаласа, қолдау ала аласыз. Аймағыңыздағы сенім телефонына хабарласыңыз.

Тамақтану үлгісінің бұзылуы экстремалды диета немесе ашығу, артық тамақтану және қасақана құсуды қамтиды.

Cалмақ тастауға қатысты қауіпті іс-әрекеттерге компульсивті жаттығу және зиянды болуы дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді қоспаларды пайдалану кіреді.

ТЫЙЫМ салынады

  • Тамақтану үлгісінің бұзылуы және салмақ тастауға қатысты басқа қауіпті іс-әрекеттер туралы контентті көрсету, насихаттау немесе үйретуді сұрау
  • Экстремалды төмен калориялы азық-түліктерді тұтыну және тамақтану үлгісінің бұзылуымен байланысты диеталар туралы контентті көрсету немесе сипаттау
  • Салауатты емес дене өлшемдерін және «денені тексеру» трендтерін (мысалы, дене бөліктерінің өлшемін тұрмыстық заттармен салыстыру) көрсету немесе насихаттау

Жасы бойынша шектеу қою (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Қауіп-қатер туралы ескертулері жоқ пластикалық операцияны, соның ішінде «дейін» және «кейін» кескіндерін, хирургиялық процедуралардың видеоларын және жоспарлы пластикалық операцияны талқылайтын хабарларды көрсету немесе насихаттау

Рұқсат етіледі

  • Тамақ жеу бойынша жарыстарды (мысалы, хот-дог және бәліш жеу бойынша жарыстар) көрсету немесе сипаттау
  • Бірінші кезекте салмақты күрт тастауға бағытталмаған фитнес-бағдарламалар мен тамақтану (мысалы, жарыстық спорт түрлеріне, марафонға және бодибилдинг жарыстарына дайындалу) туралы контентті көрсету немесе сипаттау
  • Реконструациялық немесе медициналық көрсетімдер бойынша қажет операцияларды (мысалы, қоян жырық, мастэктомиядан кейінгі омырау реконструкциясы және гендерді растау бойынша операциялардың «дейін және кейін» кескіндері) көрсету немесе сипаттау

Қауіпті іс-әрекеттер мен челлендждер

Біз қауымдастығымыздың көңілді және шығармашыл трендтерге қатысқанын құптаймыз. Көптеген іс-әрекеттер мен челлендждер көпшілік үшін жарамды әрі адамдардың басын біріктіреді, бірақ кейбірі елеулі жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін. Біз қауіпті іс-әрекеттер мен челлендждерді көрсетуге және жарнамалауға тыйым саламыз. Оларға бәстесу, ойындар, трюктар, қауіпті құралдарды орынсыз пайдалану, адам денсаулығына зиянды заттарды жек немесе елеулі физикалық зақымға әкелетін басқа да іс-әрекеттер кіреді.

Егер контентте қайталауға шақыратын және физикалық зақымға алып келетін іс-әрекеттер көрсетілген болса, мұндай контентке шектеу қойылады. Егер контентте орташа физикалық зақымға әкелуі мүмкін іс-әрекеттер немесе экстремалды спорт түрлерімен және трюктарды орындаумен айналысатын кәсіпқойлар көрсетілсе, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болады.

TikTok интерфейсін басқаруға көмектесу үшін, біз, сондай-ақ мұндай контент түріне ескерту ақпаратын қосамыз. Егер қауіпті іс-әрекетті немесе челленджді көрсеңіз, оны қайталамас бұрын бір сәт ойланып алыңыз. Онлайн челленджді көрген жағдайда не істеу керектігі туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қауіпті іс-әрекеттер мен челлендждерге бәстесу, ойындар, трюктар және кәсіпқой емес адамдар жасаған, әдеттегі немесе белгілі қауіп төндіретін және елеулі физикалық зақымға әкелуі мүмкін іс-әрекеттер жатады.

Елеулі физикалық зақым әдетте кәсіби медициналық көмекті қажет етеді және уақытша немесе біржолата мүгедектік немесе кемістік қаупін тудырады. Оған сүйектің шығуы немесе сынуы, улану, естен тану, ауыр күйіктер, электр тогының соғуынан зақымдану, ми шайқалу және тұншығу кіреді.

Орташа физикалық зақым кәсіби медициналық көмекті қажет ете қоймайды және мүгедектік немесе кемістік қаупін тудырмайды. Оған минималды қан жоғалтуы орын алған шағын тіліктер және денедегі кішігірім көгерген жерлер кіреді.

ТЫЙЫМ салынады

  • Көрінетін немесе тікелей елеулі физикалық зақым келтіретін қауіпті іс-әрекеттерді көрсету немесе насихаттау
  • Қауіпті құралдарды (мысалы, пышақ, балта, ара және пісіру жанарғысы) орынсыз пайдалану туралы контентті көрсету немесе насихаттау
  • Адамның тұтынуына қауіпті заттарды (мысалы, тас немесе жуғыш зат) жеу және ішу туралы контентті көрсету немесе насихаттау
  • Қауіпті көлік жүргізу мінез-құлқын (мысалы, жылдамдық шектеуінен асып кету, қызыл түске өтіп кету немесе көлік жүргізуден алаңдату, соның ішінде көлік жүргізу кезінде фотосурет жариялау және тікелей трансляцияға шығу) көрсету және насихаттау

Жасы бойынша шектеу қою (18 жастан асқан пайдаланушылар үшін)

  • Қайталауға шақыратын және физикалық зақымға алып келетін іс-әрекеттерді көрсету

«Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз

  • Көрінетін немесе тікелей орташа физикалық зақым келтіретін іс-әрекеттерді көрсету немесе орташа физикалық зақымға алып келуі мүмкін іс-әрекеттерді насихаттау
  • Қоғамдық орындарда кәсіпқойлардың экстремалды спорт түрлерімен айналысуы немесе трюктарды орындауы (мысалы, скейтбордингте және велофристайлда секіру және трюктар)

Рұқсат етіледі

  • Салтанатты іс-шараларда, діни фестивальдарда және мәдени іс-шараларда қару-жарақтарды (мысалы, найза және қалқан) пайдалану

Келесі мақала

Құпия және ересектерге арналған тақырыптар

Келесіні оқу