TikTok LogoTikTok Logo
Қауіпсіздік және мәдениеттілік

Қауіпсіздік және мәдениеттілік

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

Физикалық және психологиялық қауіпсіздік әрбір адамның әл-ауқатының негізін құрайды, ал мәдениеттілік қауымдастықтың өніп-өсуінің кілті болып табылады. Мәдениетті болу әрдайым келісе беру дегенді емес, әрбір адамның туа біткен абыройын мойындау және басқалармен сөйлескен кезде әрекет, сөз және дауыс екпіні арқылы құрмет көрсету дегенді білдіреді.

Зорлықшыл және қылмыстық мінез-құлық

Біз адамдарды физикалық қақтығысқа әкелмейтін жолмен біріктіруге тырысамыз. Біз желідегі зорлық-зомбылыққа қатысты контенттің шын өмірде зиян келтіруі мүмкін екенін түсінеміз. Біз адамдарға, жануарларға немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін кез келген зорлық-зомбылық қатерлеріне, зорлық-зомбылықты насихаттауға, зорлық-зомбылыққа арандатушылыққа және қылмыстық іс-әрекеттерді насихаттауға тыйым саламыз.

Адам өміріне немесе денсаулығына нақты, шынайы және тікелей қауіп төнген жағдайда біз тиісті құқық қорғау органдарына хабарлаймыз.

Зорлық-зомбылық кескіндерін қамтитын, бірақ зорлық-зомбылықты насихаттайтын контентті қалай пайдаланатынымызды Түршіктіретін және қолайсыз контент бөлімінен қараңыз.

Қосымша ақпарат

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Адамға немесе адамдар тобына физикалық жарақат келтірумен қорқыту немесе физикалық жарақат келтіру ниетін білдіру
  • Зорлық-зомбылықты қолдау немесе арандату, мысалы, шабуылды немесе басқалардың шабуыл жасағанын қолдау, зорлықшыл әрекетті мадақтау немесе басқаларды қорқыту үшін белгілі бір жерге қару-жарақ әкелуді ұсыну
  • Ұрлықты, сондай-ақ мүлікті немесе қоршаған ортаны бұзып-жоюды қолдау
  • Адамдарға, жануарларға немесе мүлікке зиян келтіретін қылмыстық әрекеттерді орындау бойынша нұсқаулар беру

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Жасанды жағдайлардағы зорлық-зомбылық қатерлері

Ғадауат тілі және өшпенділік білдіру

TikTok қауымдастығын алуан түрлі қатысушылар құрайды. Мұндай алуантүрлілік қауымдастыққа іріткі салмауы үшін, оны қабылдау білу керек. Біз ғадауат тіліне, өшпенділік білдіруге және өшпенділік идеологияларын насихаттауға тыйым саламыз. Оған қорғалған топқа шабуыл жасайтын айқын немесе жасырын контент кіреді.

TikTok-та әлеуметтік мәселелерді талқылағанда, сыйластық таныту маңызды. Егер контент қорғалған топты жанама түрде кемсітетін болса, мұндай контент «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз болуы мүмкін.

Біздің өшпенділікпен күресу бойынша жұмысымыз, сондай-ақ қаламайтын өзара әрекеттесулерді шектеуге, соның ішінде пікірлерді, дуэт, біріктіру және хабар алмасу функцияларын шектеуге мүмкіндік беретін құралдар туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Қосымша ақпарат

Өшпенділік идеологиялары — адамдарды олардың қорғалатын сипаттамалары негізінде шеттететін, қысым көрсететін немесе басқа да жолмен кемсітетін пікір жүйелері.

Қорғалған топтар — ортақ қорғалатын сипаттамалары бар жеке тұлғалар немесе қауымдастықтар.

Қорғалатын сипаттамалар — туа біткен, өзгермейтін немесе күштеп өзгертпек болған жағдайда немесе шабуылға ұшыраған жағдайда ауыр психологиялық зиян келтіретін жеке сипаттамалар. Оларға кіреді:

  • Кастасы
  • Этностық тиістілігі
  • Ұлты
  • Нәсілі
  • Діні
  • Тайпасы
  • Иммиграциялық жағдайы
  • Гендері
  • Гендерлік тиістілігі
  • Жынысы
  • Сексуалды бағдары
  • Мүгедектік
  • Ауыр сырқат

Оған қоса біз жасқа қатысты қосымша қорғаныс шараларын ұсынамыз.Сондай-ақ қосымша контекст жағдайларында (мысалы, жергілікті үкіметтік емес ұйым тарапынан белгілі бір аймақтық ақпарат берілсе) басқа да қорғалатын сипаттамаларды қарастыруымыз мүмкін. Жоғарыдағы сипаттамалар тізімі Адам құқықтары туралы әмбебап декларация мен халықаралық конвенцияларға негізделген.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Қорғалатын сипаттама негізінде зорлық-зомбылықты, сегрегациялауды, кемсітушілікті және басқа да жолмен зиян келтіруді насихаттау
  • Өшпенділік идеологиясын насихаттау, соның ішінде:
    • Қорғалған топтан артықшылығы туралы мәлімдеу (мысалы, нәсілдік артықшылық, мизогиния, анти-ЛГБТК+, антисемитизм немесе исламофобия)
    • Қорғалған топқа қарсы конспирологиялық мәлімдемелер жасау (мысалы, «ұлы алмастыру теориясын» қолдау немесе еврей халқы бұқаралық ақпарат құралдарын басқарады деп айту)
    • Байланысты таңбалар мен кескіндерді пайдалану
    • Ғадауат тілін немесе өшпенділік идеологияларын насихаттайтын тауарлар (мысалы, өшпенді сөздері бар кітаптар немесе киім-кешектер) саудасына немесе маркетингісіне жағдай жасау
  • Біреуді ашық немесе жасырын түрде физикалық, менталды немесе моральды тұрғыда кеміс деп айту, тіл тигізетін терминдермен атау (мысалы, қылмыскер немесе хайуан деп айту) немесе жансыз заттармен салыстыру арқылы қорғалатын сипаттамалары негізінде азғындау
  • Қорғалатын сипаттамаға тіл тигізетін өшпенді сөздерді пайдалану
  • Қорғалған топтарға зиян келтірген ғылыми тұрғыда дәлелденген тарихи оқиғаларды жоққа шығару немесе ауқымын азайтып көрсету (мысалы, Холокостты немесе Руандадағы тутси халқына қарсы геноцидті жоққа шығару)
  • Қорғалатын сипаттамасы бар бір адамның жасаған жағымсыз іс-әрекеттері үшін бүкіл қорғалған топты жауапты деп айыптау (мысалы, иммигранттың зиянды мінез-құлқының бір мысалы негізінде барлық иммигранттарды қауіпті деп санау)
  • Адамдарды қорғалатын сипаттамалары үшін азғындайтын немесе олардың бар екенін жоққа шығаратын контент (мысалы, өзін трансгендер деп санайтын адамдарды психикалық ауруы бар деп айту)
  • Біреуді бұрынғы атымен атау, бұрынғы атын немесе ол адам таңдаған гендерден басқа гендерді пайдалану, сондай-ақ адамның сексуалды бағдарын немесе гендерлік тиістілігін өзгертуге бағытталған сұхбаттық терапия бағдарламаларын насихаттау арқылы гендерін бұрмалау

«ҰСЫНЫСТАР» АРНАСЫ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ

  • Қорғалған топтарды жанама түрде кемсітуі мүмкін стереотиптерді, тұспалдарды немесе жанама мәлімдемелерді пайдаланатын кейбір контент

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Мақсатты қауымдастықтың абыройына нұқсан келтірмейтіндей етіп өзгертілген балағат сөздер (мысалы, әндегі немесе өзіне қатысты балағат сөздер)
  • Ғадауат тілінің зияны туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ағартушылық және құжаттық контент, соның ішінде тиісті зиянды талқылау үшін пайдаланылатын балағат сөздер
  • Өшпенділік идеологияларына қарсы жауап сөздер, сынға алу немесе өшпенділік жайындағы сатира
  • Қорғалған топтарға әсер ететін әлеуметтік мәселелерді талқылау, соның ішінде саяси дебаттар (адамдарға қорғалатын сипаттамасы негізінде шабуыл жасамайтын болса)

Зорлық-зомбылыққа және өшпенділікке шақыратын ұйымдар мен жеке тұлғалар

Біз пайдаланушылардың шабыт беретін нәрселерімен бөліскенін қалаймыз, алайда TikTok — зорлық-зомбылық пен өшпенділікті қолдайтын пікірлер мен насихаттарды тарататын орын емес. Біз зорлық-зомбылыққа және өшпенділікке шақыратын ұйымдар мен жеке тұлғалардың платформада болуына рұқсат бермейміз Оларға зорлықшыл экстремистер, зорлықшыл қылмыстық ұйымдар, зорлықшыл саяси ұйымдар, өшпенділікке шақыратын ұйымдар, сондай-ақ сериялық немесе жаппай зорлық-зомбылықты тудырған жеке тұлғалар кіреді. Оларға зорлықшыл экстремистер, зорлықшыл қылмыстық ұйымдар, зорлық-зомбылыққа шақыратын саяси ұйымдар, өшпенділікке шақыратын ұйымдар, сондай-ақ сериялық немесе жаппай зорлық-зомбылықты тудырған жеке тұлғалар кіреді. Платформада мұндай субъектілер анықталған жағдайда біз жан-жақты тексеру (соның ішінде платформадан тыс тексеру) жүргіземіз. Бұның нәтижесінде аккаунт бұғатталуы мүмкін.

Көбінесе мұндай субъектілердің идеялары халық арасында тез тарап кетеді. Біз зорлық-зомбылыққа немесе өшпенділікке шақыратын субъектілерді насихаттауға немесе материалдық қолдау көрсетуге рұқсат бермейміз. Бейтарап болып көрінетін контенттің (мысалы, өшпенділікке шақыратын ұйымның немесе жеке тұлғаның дәйексөзі) мұндай субъектілерді насихаттауды көздемейтініне көз жеткізу керек. Зорлық-зомбылыққа шақыратын саяси ұйымдар туралы талқылауларға шектеулі жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Қосымша ақпарат

Материалдық қолдау көрсету зорлық-зомбылыққа шақыратын ұйымдар мен жеке тұлғаларды немесе олардың қызметін насихаттау мақсатында қаржылық қайырымдылық қаражаттарын, тауарлар мен қызметтерді беру дегенді білдіреді. Оған қызметкерлерді жалдау, қаражат жинау, тауарларды сату және оқу материалдарын насихаттау кіреді.

Зорлықшыл экстремистер — саяси, этностық немесе идеологиялық себептерге байланысты азаматтарды қорқытумен айналысатын немесе зорлық-зомбылық көрсететін үкіметтік емес топтар, соның ішінде БҰҰ анықтаған топтар.

Зорлықшыл қылмыстық ұйымдар — ауыр қылмыстар жасаумен, соның ішінде зорлық-зомбылық, адам саудасы және адам ұрлаумен айналысатын трансұлттық, ұлттық немесе жергілікті топтар.

Зорлықшыл саяси ұйымдар — ағымдағы саяси даулардың (мысалы, территориялық талаптар) аясында ең бірінші кезекте азаматтарға емес, мемлекеттік субъектілерге (мысалы, ұлттық әскер) қарсы зорлықшыл әрекеттер жасайтын үкіметтік емес субъектілер.

Өшпенділікке шақыратын ұйымдар — адамдарды қорғалатын сипаттамалары негізінде, соның ішінде өшпенділікті тұтандыру, жеке тұлғаларды немесе топтарды азғындау және өшпенділік идеологияларын насихаттау арқылы қудалайтын топтар.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Платформада зорлық-зомбылық немесе өшпенділік идеологияларын насихаттайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардың аккаунттары
  • Зорлық-зомбылыққа шақыратын саяси ұйымдарға материалдық қолдау беру немесе олар жасайтын зорлық-зомбылықты насихаттау
  • Келесілерді насихаттау (соның ішінде мадақтау, тойлау немесе манифест тарату) немесе материалдық қолдау көрсету:
    • Өшпенділікке шақыратын ұйымдар
    • Сериялық немесе жаппай зорлық-зомбылыққа себепкер болған немесе өшпенділік идеологияларын насихаттайтын жеке тұлғалар
    • Зорлықшыл қылмыстық ұйымдар
    • Зорлықшыл экстремистер

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Зорлық-зомбылыққа шақыратын саяси ұйымды талқылау (зорлық-зомбылықты насихаттамастан)
  • Зорлық-зомбылық пен өшпенділікке шақыратын субъектілердің зияны туралы хабардарлықты арттыратын ағартушылық және құжаттық контент

Жасөспірімдерге қатысты жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық

Жас балалардың TikTok-ты пайдаланудан қауіпсіз және жағымды тәжірибе алуы біздің мүддемізде. Біз жасөспірімдерге қатысты жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылық пен эксплуатацияны көрсетуге, насихаттауға және жұмылдыруға рұқсат бермейміз. Оған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдар, груминг, сексуалдық бопсалау, сексуалдық алымсақтық, педофилия және жас балаларға физикалық немесе психологиялық зиян келтіру кіреді.

Біз жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық және эксплуатация жағдайлары туралы Жоғалған және эксплуатациядағы балаларға арналған ұлттық орталыққа (NCMEC — National Center for Missing and Exploited Children) хабарлаймыз. Сондай-ақ біз адамның өміріне нақты, шынайы және тікелей қауіп төнген немесе ауыр физикалық жарақат туындаған жағдайда тиісті құқық қорғау органдарына хабарлаймыз. Егер балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы күдікті материалдарды көрсеңіз, ол туралы қолданба ішінде немесе біздің веб-сайтымызда дереу хабарлаңыз. Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарды қандай да бір жолмен жүктеп алуға, түсіріп алуға немесе бөлісуге болмайды.

Егер сіз немесе танысыңыз жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа немесе эксплуатацияға ұшыраған болсаңыз, қолдау ала аласыз. Аймағыңыздағы сенім телефонына немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Егер сізге дәл қазір қауіп төніп тұрған болса, жергілікті жедел жәрдем қызметіне немесе полицияға хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат

Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарға (CSAM — Child Sexual Abuse Material) кез келген пайдаланушының жас балаға қатысты жасаған немесе бөліскен сексуалды сипаттағы материалы, соның ішінде өздігінен жасалған CSAM материалдары, өте шынайы болып көрінетін цифрлық контент немесе жасанды интеллект арқылы жасалған контент жатады. Сексуалды сипаттағы материалға жыныстық белсенділікті немесе сексуалдық зорлық-зомбылықты, жас бала денесін сексуалдандыруды немесе жас баланың дене бөліктеріне қатысты фетиштендіруді білдіретін немесе көрсететін контент кіреді.

Груминг — жыныстық зорлық-зомбылық жасау немесе эксплуатация мақсатында жас баламен достық немесе басқа сенімді қарым-қатынас құру.

Сексуалдық бопсалау — әдетте ақша алу, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу немесе тағы жалаңаш дене бейнеленген, интимдік немесе ашық сексуалды контентті алу мақсатында жалаңаш дене бейнеленген, интимдік немесе ашық сексуалды контентті жариялаумен қорқыту.

Сексуалдық қудалау — белгілі бір адаммен оның қалауынсыз сексуалды қарым-қатынас немесе мінез-құлық. Оған платформа арқылы сексуалдандыру (мысалы, дуэт немесе жапсырма арқылы жыныстық қатынасты имитациялау), интимдік дене бөліктері туралы мәлімдемелер жасау немесе сексуалды белсенділік, сондай-ақ біреудің сексуалды өмірі туралы ақпаратты (мысалы, сексуалды тарихы немесе серіктестері немесе сексуалды бағдары) бөлісу немесе бөлісемін деп қорқыту.

Интимдік дене бөліктері жыныс мүшелерін, бөксені және омырауды (омырау ұшы мен ареоламен қоса) білдіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Жасөспірімдерге қатысты жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылықты немесе эксплуатацины көрсету, насихаттау немесе жұмылдыру, соның ішінде:
    • Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдар, соның ішінде бастапқы материалдың скриншоты немесе одан қиып алынған клип (жалаңаш дене немесе жыныстық белсенділік көрсетілмеген болса да)
    • Ересек адам мен жас бала арасындағы романтикалық қарым-қатынастар, соның ішінде педофилия немесе өзін жас балаларға әуестенетін ересек адам ретінде анықтау
    • Груминг
    • Сексуалдық бопсалау
    • Сексуалдық қудалау
    • Сексуалдық алымсақтық, соның ішінде жас баланы жыныстық қатынасқа қосылуға, платформадан тыс кездесуге немесе ашық сексуалды кескіндерді бөлісуге шақыру (басқа жас бала шақырған болса да)
  • Жас балаларға қатысты физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, кемсітушілік немесе қауіп көріністерін көрсету немесе насихаттау
  • Зорлық-зомбылық немесе эксплуатация құрбаны болған жас балаларға қатысты ревиктимизация, соның ішінде үшінші тұлғалардың жариялауы арқылы

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Зорлық-зомбылық немесе эксплуатацияның зияны туралы ағартушылық және құжаттық контент (мұндай контентті көрсетпейтін немесе графикалық түрде сипаттамайтын болса)

Ересектерге қатысты жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық

Біз гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін, сауатты қарым-қатынасты қолдайтын және интимдік құпиялылықты құрметтейтін кеңістікті қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Бұл құндылықтарға нұқсан келтіру травма туғызып, физикалық және психологиялық зиян келтіруі мүмкін. Біз ересектерге қатысты жыныстық немесе физикалық зорлық-зомбылық пен эксплуатацияны көрсетуге, насихаттауға және жұмылдыруға рұқсат бермейміз. Оған келісімсіз жыныстық қатынастар, суретке негізделген сексуалдық зорлық, сексуалдық бопсалау, физикалық зорлық-зомбылық және сексуалдық қудалау кіреді.

Егер сіз немесе танысыңыз зорлық-зомбылыққа немесе жыныстық эксплуатацияға ұшыраған болсаңыз, қолдау ала аласыз. Аймағыңыздағы сенім телефонына немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Егер сізге дәл қазір қауіп төніп тұрған болса, жергілікті жедел жәрдем қызметіне немесе полицияға хабарласыңыз. Егер платформада интимдік құпиялылығыңыз бұзылды деп есептесеңіз, ол туралы шағымдануыңызға болады.

Қосымша ақпарат

Келісімсіз жыныстық қатынастар дегеніміз жыныстық әрекетке қатысушылардың әрқайсысының келісімінсіз орын алған жыныстық қатынастарды білдіреді. Оған келісімсіз жыныстық қатынас (мысалы, зорлау немесе тиісу) кіреді.

Суретке негізделген сексуалдық зорлық — жеке тұлғаның келісімінсіз сексуалдық мақсатта жасалған немесе таратылған интимдік кескіндерді иелену, тарату немесе оларды жасау немесе қол жеткізу бойынша нұсқаулар беру. Контент келісіммен алынған болып көрінуі мүмкін болса да, мұндай контент келісімсіз таратылған болуы мүмкін.

Сексуалдық бопсалау — әдетте ақша алу, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу немесе тағы жалаңаш дене бейнеленген, интимдік немесе ашық сексуалды контентті алу мақсатында жалаңаш дене бейнеленген, интимдік немесе ашық сексуалды контентті жариялаумен қорқыту.

Сексуалдық қудалау — белгілі бір адаммен оның қалауынсыз сексуалды қарым-қатынас немесе мінез-құлық. Оған платформа арқылы сексуалдандыру (мысалы, дуэт немесе жапсырма арқылы жыныстық қатынасты имитациялау), интимдік дене бөліктері туралы мәлімдемелер жасау немесе сексуалды белсенділік, сондай-ақ біреудің сексуалды өмірі туралы ақпаратты (мысалы, сексуалды тарихы немесе серіктестері немесе сексуалды бағдары) бөлісу немесе бөлісемін деп қорқыту.

Интимдік дене бөліктері жыныс мүшелерін, бөксені және омырауды (омырау ұшы мен ареоламен қоса) білдіреді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Келесілерді көрсету, насихаттау немесе жұмылдыру:
    • Келісімсіз жыныстық қатынастар, суретке негізделген сексуалдық зорлық немесе физикалық зорлық-зомбылық (тұрмыстық зорлық-зомбылық)
    • Сексуалдық қудалау
    • Сексуалдық бопсалау

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Зорлық-зомбылық немесе эксплуатация құрбандарының өз тәжірибелерімен бөлісуі (мұндай контентті көрсетпейтін немесе графикалық түрде сипаттамайтын болса)
  • Жыныстық эксплуатация мен гендерлік зорлық-зомбылықтың зияны туралы хабардарлықты арттыратын ағартушылық және құжаттық контент (мұндай контентті көрсетпейтін немесе графикалық түрде сипаттамайтын болса)

Адам саудасы және адамдарды жасырын өткізу

Біз әрбір адам абыройын сақтауға және TikTok-тың әлеуметтік қорғалмаған адамдарды өз мүддесі үшін пайдаланылмауына кепілдік беруге ұмтыламыз. Біз адам саудасына және адамдарды жасырын өткізуге тыйым саламыз. Біз адам саудасының және жасырын өткізудің құрбаны болған адамдарға өз оқиғаларымен бөлісу, ал мигранттарға сапарларының оқиғасымен бөлісу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан біз сондай кеңістікті қамтамасыз етеміз.

Біз жасөспірімдерге қатысты сутенерлық жағдайлары туралы Жоғалған және эксплуатациядағы балаларға арналған ұлттық орталыққа (NCMEC — National Center for Missing and Exploited Children) хабарлаймыз. Сондай-ақ біз адамның өміріне нақты, шынайы және тікелей қауіп төнген немесе ауыр физикалық жарақат туындаған жағдайда тиісті құқық қорғау органдарына хабарлаймыз.

Қосымша ақпарат

Адам саудасы — ел ішінде немесе халықаралық деңгейде орын алатын заманауи құлдық формасы. Ол құрбандарды жұмысқа жалдауды және оларды тасымалдау бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыруды, сондай-ақ күш қолдану, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе алдау жолымен эксплуатацияға салуды білдіреді. Оған сутенерлық, еңбек эксплуатациясы мақсатындағы адам саудасы, бала саудасы, дене органдары саудасы, мәжбүрлі неке, мәжбүрлі қылмыскерлік (мысалы, эксплуатациялық қайыршылық), тұрмыстық құлдық және балаларды әскери қызметке жұмылдыру кіруі мүмкін.

Адамдарды жасырын өткізу адамдарға басқа елге заңсыз кіруге көмектесу арқылы ақша табуды білдіреді. Оған көлікті қамтамасыз ету, консультация беру, жеке куәлік беру және жол жүру құжатына қатысты алаяқтық кіруі мүмкін.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Адамдарды жасырын өткізуге қатысты әрекеттер мен қызметтерге жағдай жасау немесе ұйымдастыру
  • Адам саудасына қатысты әрекеттер үшін адам жалдау немесе ұйымдастыру

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Басқа елге көшуге ниет білдіру немесе мигрант сапарын көрсету (сапарға контрабандашылардың жұмылдырылғаны айқын түрде көрсетілмейтін болса)
  • Адам құқықтарының бұзылуына қатысты зорлық-зомбылық немесе гуманитарлық дағдарыс салдарынан елден кету бойынша көмек сұрау немесе ақпарат бөлісу
  • Адам саудасының және жасырын өткізудің құрбаны болған адамдардың өз тәжірибелерімен бөлісуі
  • Адам саудасының және адамдарды жасырын өткізудің зияны туралы хабардарлықты арттыратын ағартушылық және құжаттық контент

Қудалау және қорлау

Біз алуан түрлі көзқарастарға құрметпен қараймыз және әрбір адам кемсітуден немесе қорлаудан еш қорықпай өз даусын білдіре алатынына сенімді болғымыз келеді. Біз қудалайтын, кемсітетін немесе қорлайтын мәлімдемелер мен мінез-құлыққа рұқсат бермейміз. Оған мұндай әрекеттерге жауап ретінде қудалау да кіреді.

Біз қоғам қайраткерлері көпшіліктің назарына ие екенін, жағымсыз сөздерге қарсы тұрудың жолдарын білетінін және оларға қатысты кейбір контентті қарау қоғам мүддесінде болатынын түсінеміз. Біз қоғам қайраткерлері туралы теріс немесе сыни пікірлер айтуға немесе кескіндер жасауға рұқсат етеміз. Алайда біз басқа саясаттарды бұзатын контентті (мысалы, зорлықшыл қауіп-қатерлер, ғадауат тілі немесе жыныстық эксплуатация), сондай-ақ қудалаудың ауыр формаларын (мысалы, жеке деректерді заңсыз тарату немесе біреуге ауыр физикалық зақым келтіруге ниет білдіру) қамтитын контентті жоямыз.

Егер сіз немесе танысыңыз қудалауға ұшыраған болсаңыз, көмек ала аласыз. Біз қолдау көрсету ресурстарын, сондай-ақ қажетсіз өзара әрекеттесулерді шектеуге, соның ішінде пікірлерді, дуэт, біріктіру және хабар алмасу функцияларын шектеуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынамыз.

Қосымша ақпарат

Жеке деректерді заңсыз тарату желіде қандай да бір адам туралы жеке ақпаратты зиянкестік жасау мақсатында жариялауды білдіреді. Мұндай мақсат субъективті болуы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан оны түсіну үшін объективті индикаторларды (мысалы, тақырыптар мен хэштегтер) пайдаланамыз.

Қоғам қайраткерлері — қоғамда елеулі рөл ойнайтын ересектер (18 жастан асқан), мысалы, мемлекеттік лауазымды тұлға, саясаткер, компания басшысы немесе жұлдыздар. 18 жасқа толмаған адамдар қоғам қайраткері ретінде анықталмайды.

Жеке тұлғалар — қоғам қайраткері болып табылмайтын 18 жасқа дейінгі және ересек (18 жастан асқан) барлық адамдар.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Физикалық жайсыздық сезінген адамның қадір-қасиетін кемсіту немесе сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне, интеллектіне немесе жеке жағдайлар (мысалы, гигиена, денсаулық немесе медициналық анамнез) негізінде кемсіту
  • Қандай да адамның немесе топтың басқа біреуді физикалық қудалауға түсіріп жатқанын көрсету
  • Қасіретті оқиғаны бастан кешкен адамдардың қадір-қасиетін кемсіту ревиктимизация (мысалы, олардың мұндай қарым-қатынасқа лайық екені туралы мәлімдеу, олардың тәжірибесін кеміту немесе жоққа шығару)
  • Жеке тұлғаларды қорқыту немесе оларды өлтіру, ауыр сырқат тілеу немесе басқа ауыр физикалық зақым келтіру ниетін білдіру арқылы олардың физикалық қауіпсіздігін бұзу
  • Біреудің жеке деректерін тарату немесе бопсалау, сондай-ақ аккаунт туралы ақпаратты бөлісу немесе бұзып ашумен қорқыту немесе басқаларды солай жасауға шақыру
  • Басқаларды қандай да бір тұлғаны қудалауға шақыру немесе ұйымдасқан түрде қудалауды насихаттау (мысалы, адамдарды зорлықшыл тілмен пікір жазуға шақыру), сондай-ақ аккаунтқа арам ниетпен шағымдануға шақыру

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

  • Адамның контентін немесе әрекеттерін сынға алу (оның жеке сипаттамаларын сынға алмайтын болса)
  • Қудалау мен қорлауға жауап қайтару немесе айыптау (жауап ретінде қудалауды қамтымайтын болса)
  • Қоғам қайраткерлері туралы теріс немесе сыни пікірлер немесе кескіндер (қудалаудың ауыр формалары болып табылмайтын болса немесе басқа саясаттарды бұзбайтын болса)
  • Қудалау мен қорлаудың зияны туралы хабардарлықты арттыратын ағартушылық және құжаттық контент