TikTok LogoTikTok Logo
Шара қабылдау

Шара қабылдау

17 сәуір 2024 ж.шығарылды

17 мамыр 2024 ж.бастап күшіне енеді

Қоғамдық мүдделерге қатысты ерекшеліктер

Біз басқа жағдайда ережелерді бұзатын контентті көру қоғам мүддесінде болуы мүмкін екенін түсінеміз. Қоғамдық мүдде қауымдастықты хабардар ететін, шабыттандыратын немесе білім беретін тақырыптарды қамтиды және кең ұжымдық маңызға ие мәселелерді талқылауға жағдай жасайды. Біз төмендегідей қоғамдық мүдделерге қатысты ерекшеліктері бар контентті TikTok-та қалдырамыз:

  • Құжаттық
  • Ағартушылық
  • Медициналық және ғылыми
  • Қоғамдық айыптау
  • Сатиралық
  • Көркемдік

Біздің контентті модерациялауға қатысты көзқарасымызда да осы шарттар қолданылады (контентті кім жасағанына қарамастан). Қоғамдық мүдделерге қатысты ерекшеліктерді іздеген кезде ескерілетін ең маңызды фактор — контекст (мысалы, контент хабардарлықты арттыра ма, жоқ па немесе зиянды мінез-құлықты айыптай ма, жоқ па). Тексеру жүргізуді жеңілдету үшін, біз пайдаланушыларды тақырыптар, дауыстық сүйемелдеу немесе жапсырмалар сияқты функциялардың көмегімен контексті айқын түрде көрсетуге кеңес береміз.

Біз қоғамдық мүдделерге қатысты ерекшелік негізінде рұқсат етілетін кейбір контентке қосымша қауіпсіздік шараларын (мысалы, оны «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз ету, сондай-ақ белгі, «келісу» экранын немесе ескерту ақпаратын қосу) қолдануымыз мүмкін. Егер қоғамдық мүдделерді білдіретін контент аса жоғары зиян келтіретін болса (мысалы, суицидті немесе жас балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты көрсететін болса), біз мұндай контентке ерекшелік бермейміз.


Анықтау және шағымдану

Біз ережелерімізді бұзатын контентті немесе аккаунттарды ешкім қарамай немесе бөліспей тұрып жоюға тырысамыз. Контент алдымен автоматты тексеру процесінен өтеді. Егер контент ережелерді бұзуы мүмкін деп анықталса, ол автоматты түрде жойылады немесе модераторлар тарапынан қосымша тексеруден өту үшін белгіленеді. Егер контент танымалдылыққа ие болса немесе оған шағым түссе, қосымша тексеру жүргізіледі. Модерация дәлдігін қамтамасыз ету үшін, біз қосымша растау процестерінен өткен кейбір аккаунттарға (мысалы, расталған аккаунттар) қосымша сапаны бақылау процестерін қолданамыз.

Біз ережелеріміздің орындалуын қамтамасыз ету үшін көп күш саламыз, дегенмен біз барлық жарияланған контенттің ережелерімізге немесе Пайдаланушарттарына сәйкес келетініне кепілдік бере алмаймыз. Күдікті ереже бұзушылықтарға қолданба ішінде немесе веб-сайтымызда шағымдануға болады. Егер ережелерімізді бұзуы мүмкін контентті немесе аккаунттарды анықтасаңыз, бізге хабарлаңыз. Біз оны тексеріп, тиісті шара қабылдаймыз.

Біздің ережелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларымыз туралы толығырақ ақпаратты Ашықтық орталығынан алыңыз.


Ескертпе және апелляциялар

Процедура әділеттілігін қамтамасыз міндеттемемізді орындау үшін біз ережелер бұзылған жағдайда хабарландыру жіберуге тырысамыз. Егер сіз рұқсат етілмейтін контентті жариялаған болсаңыз, сізге хабар береміз және жою себебін түсіндіреміз. Егер аккаунтыңыз ереже бұзғаны үшін бұғатталған болса, қолданбаны келесі жолы ашқан кезде, баннер түріндегі хабарландыру шығады. Онда аккаунттағы өзгерістер туралы айтылады. Егер «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз немесе басқа шектеу қойылған контентті жариялаған болсаңыз, мұндай ақпарат TikTok талдау құралында пайда болады.

Егер аккаунтыңыз бұғатталған болса, контентіңіз ереже бұзған болса, «Ұсыныстар» арнасы үшін жарамсыз етілген болса немесе басқа шектеу қойылған болса және бұны қате деп есептесеңіз, бұл шешімге апелляция жіберуіңізге болады. Апелляция күйін, сондай-ақ басқа контент немесе аккаунттар туралы жіберген шағымдардың күйін қолданба ішіндегі Қауіпсіздік орталығынан көре аласыз.